МІНЕЗДЕМЕ

Мінездеме - белгілі бір ұйымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын кұжат.

Мінездеменің құрылымы:

-         құжат аты;

-         мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

-         негізгі мәтін;

-         қорытынды;

мінездемені талап етуші ұйымның аты;

-         мінездеме берілген мерзім;

-         мінездеме берушінің қызметі, қолы; аты-жөні,тегі;

-         мекеме, ұйым мөрі.

Мінездеме (аттестациялық)

Көкшетау тьныс алу аппараттарын жасау зауытының инженер-конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке. 1968 жылы туған. Білімі — жоғары.

Мұрат Асхатұлы Әлиев Көкшетау тьныс алу аппараттарын жасау зауытының конструкторлық бюросында 1992 жылдан бастап еңбек етуде.

Осы жылдар ішінде катардағы инженерден бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Жаңашылдық ұсыныстары бар бес мақаласы ғылыми жинақтарда жарық көрді. Білімді, іскер, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. ¥жымдағы қ оғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үш баласы бар. Жақсы, үлгілі әке.

Атқарып жүрген қызметіне лайық.

Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.

Көкшетау тыныс алу аппаратгарын

жасау зауыты директорының

орынбасары:               қолы           С. С. Еркінов

М. О.

25.04.2007 ж.

 

Мінездеме (кызметгік)

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қазак тілі кафедрасының оқытушысы Сәния Қанатқызы Көпееваға. 1967 жылы туған. Білімі - жоғары.

Сәния Қанатқызы Көпеева А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып 1994 жылы 15 тамызда қабылданды. Қазіргі кезде қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы.

Сәния Қанатқызы оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақтарын жоғары ғьлыми-әдістемелік деңгейде өткізеді, қазіргі сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады.

С. Қ. Көпеева кафедраньң тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке оқу-тэрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Ғылыми жұмысқа икемі мол Сәния Қанатқызы Көпееваваның 17 мақаласы, 3 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік кешені бар.

2006 жылы оқу-әдістемелік кеңес беру орталығы және «Тесһпо Сгоир Соһ§иіЪ> ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «сапа менеджменті жүйесінін ішкі аудиті» бойынша теориялық дайындықтан өтті. Щ. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім жүйесінің барлық деңгейлеріндегі оқытудың мультимедиялык жүйесін енгізу және халықаралық стандартқа сай біліктілігін жетілдіру курсынан өткен сертификаттары да бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы, адамдармен тез тіл табысады. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Сондықтан студенттер мен әріптестерінің арасында беделі мол.

Мінездеме окытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін берілді.

Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі:             қолы              Б. К. Омарова

М. 0.

25.04.2007 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz