Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Балаби» ауылындағы Абай атындағы №50 қазақ орта мектебінің 1930 жылдан бергі тарихы
Қазақтың көрнекті ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 110 жыл толғаны мерекеленіп, тойланатын жылы 1954 жылы бұрынғы «Ащықұдық» мектебі ұлы ақын есімімен аталып, Абай атындағы №50 қазақ орта мектебі болды.
Қазіргі Абай атындағы бұрынғы «Ащықұдық» мектебі негізінен бұрынғы «Талаптан», «Ащықұдық» колхоздарындағы бастауыш мектептердің бірігіп, іріленуінен шыққан.
1928 – 32 жылдары Байгеқұм ауылдық
советінің қамтуындағы «Құнан сойған,
«Аубел», «Тектұрмас», «Ақтөбе» елді пункттеріндегі
халық «Ондыққа», «Қосшы одағына», «Батракка»
бірігіп, топтаса бастайды. Осы жылдары сауатсыздықты жою науқанына
күшті маңыз беріледі. Сауатты кісілер күні – түні
үй жағалап жүріп сауатсыз еңбекшілерді үйретіп,
оқытып, сауаттандыра бастайды. Көпшілігінде күндіз
жұмыста болған ерлер мен әйел жолдастар түнде сауат
ашып, оқумен шұғылданып жүрді. Совет үкіметі
нығая бастағаннан жастарды оқытып, тәрбиелеуге ерекше
назар аударыла бастайды. Сөйтіп, партия мен үкіметтің
қамқорлығы арқасында еліміздің елді мекендерімен
мектептер ашылып, ол мектепетрде совет педагогтері сабақ бере бастайды.
Сондай мектептердің бірі «Аубелдегі»
елді мекеннен ашылған «Талаптан» бастауыш мектебі еді. «Талаптан»
бастауыш мектебі 1930 жылы киіз үйде ашылып еді. Ол кезде стол,
орындық, парта, қазіргідей класс тақтасы деген жоқ. Оқушылар
еденсіз, жерге салынған алаша-киіздің үстінде отырады. Парта
орнында әр оқушыда алақандай тақта болады, сол
тақтаға әріптер мен цифрларды бор орнына ағаш
көмірді пайдаланып жазып, үйренеді. 1936 жылға дейін
«Талаптан» бастауыш мектебі аралас мектеп бір класс бөлмесінде 1-2-3-4
кластардың оқушылары отырып оқиды.
«Талаптан» бастауыш мектебінің 1930 жылдан
мұғалімі болған Рүстемов Әуез осы мектепте 1948
жылға дейін басқарып, қызмет етті. «Аубелдегі» бастауыш
мектеп 1931 жылы «Құнан сойған» деген жерге көшіріліп,
сабақ сонда оқытылды. Бұл мектеп сонан 1937 жылы «Талаптан»
колхозындағы бастауыш комсомол ұйымының иницативасымен
салынған 1932 жылы құрылған «Талаптан» колхозының
орталығындағы жаңа мектеп үйіне көшіріледі. Кластары
бөлек-бөлек болып салынған сол мектеп үйінің орны
қазіргі Абай атындағы орта мектеп жаңа үйінің
шығыс жағында жүз елу метр жерде. Бұл күндері сол
«Талаптан» бастауыш мектеп үйінің орыны да білінбейді, асфальт
жолдың асты болып кетті.
1937 жылы комсомол ұйымының
колхозшылардың бірігіп арыз жазуына байланысты Қазақстан
Республикасының оқу министрі «Балаби» бастауыш мектебін жетіжылдыққа
айналдыру туралы қаулы шығарды. 1937 жылдың сентябрінде
«Талаптан» жетіжылдық мектебі болып ұйымдастырылып ашылғанмен
бала саны өте аз болғандықтан аудандық –облыстық
оқу бөлімдері бірлесе отырып, «Талаптан» жетіжылдық мектебін «Ащықұдық»
бастауыш мектебіне ауыстырып, оны
бастауыш мектеп күйінде қалдырады. «Талаптан» бастауыш мектебінде алғашқыда
тек Рүстемов Әуез бір өзі істесе, соғыс жылдары Ибадуллаева
Жұмашпен екеуі ғана оқытушылық қызмет
атқарды.
1936 жылы «Талаптан» бастауыш мектебінің
мына оқушылары комсомол қатарына өткенін айтқанын
өзі сол кездегі бастауыш класс оқушыларынының ересек
ұл-қыздар екені байқалады:
Ол комсомолдар: 1. Молдабаева Мұстафа
2. Әбдіраманов Сақ
3. Ташматов
4. Сардарбеков
Қыдырбай
5.Базарбаев
Құрманғали
6. Жұманазаров
Базарбай
7. Шаймерденов
Әбжаппар
Алғашқы жылдары 5-10
оқушысы ғана болған «Талаптан» бастауыш мектебінде 1945 – 46
оқу жылында алпысқа жуық оқушы болды. Бұл кезде
колхоз орталығы «Тектұрмас» участігіне қоныстанып, мектеп те
сонда болды. «Тектұрмастағы» бастауыш мектепте колхозшылар мен №20
разъездегі темір жол жұмысшыларының және
эвакуацияланған неміс балалары да оқыды.
1945
– 48 жылдары Талаптан бастауыш мектебі арнаулы педагогикалық білімі бар
маман кадрларымен толықтырылады. Сариев Күзембай, Ургенішбаев
Сейтім, Исаева Әсия, Талманов Асан сияқты педагогикалық учелищені
бітірген мамандар келді. 1948 – 49 оқу жылында денсаулығына
байланысты меңгерушілігінен босанып Исаева Әсия Талаптан бастауыш
мектебінің меңгерушісі болады. Ал 1949 – 50 оқу жылында
бастауыш мектеп меңгерушісі бұрынғы Ортақшыл мектебінің
директоры болған Әшірбеков Мырзабек болды. Талаптан бастауыш мектебінің
алғашқы түлектері:
1. Әшірбеков Шәкен көп жыл ауылдық совет
жұмысын, мал фермасын басқарып қызмет еткен. Қазір
пенсионер.
2. Шаймерденов Әбжаппар Ұлы Отан
соғысының ардагері, көп жыл партия – шаруашылық
қызметін атқарған коммунист, қазір пенсионер.
3. Әбдіраманов Сақ
4. Жұматов Әлібек
5. Бимішов Өтеш аудандық партия
комитетінің ІІ секретары болған.
6. Жүнісов Шамші көп жыл оқытушылық
қызмет атқарған. 1948 -49 оқу жылында бұл
мектепке Жұмабаев Асан, Әбдікамалов Дүйсенбі, Тәжімов
Базарбектер маман мұғалім болып, арнаулы оқу орындарын
бітіріп келді. 1930 жыл 1 қыркүйекте Байгеқұм
станциясындағы Қызыл отауда сабақ басталады деп хабарланып,
15-тей бала жиналады. Қызыл Отау атанған киіз үйде парта
орнына пайдалану үшін биіктігі
1. Сейдахметов Жарас – кейін Ленин атындағы
колхозға барып колхозшы болған.
2. Шәкіров Құрманай – кейін 1941-49
жылдары осы 7 мектептің директоры болған.
3. Цой Василий Кузьмич оқу ісінің
меңгерушісі болған.
4. Цой Андрей Кузьмич. 1944-45 оқу жылы мұғалім саны өсті.
Олар:
1. Омаров Есіркеп – ұстаздық қызметі
1938 жылы Шиелідегі бастауыш мектепте басталып, Ұлы Отан соғысына қатысып,
жеңіспен елге келіп «Ащықұдық» 7 жылдық
мектебінде ұстаздық қызметті қайта жалғап, 1984
жылға дейін үздіксіз істеген.
2. Жолбаев Айдар Ұлы Отан соғынынан
жеңіспен келіп, ұстаздық қызметті осы мектептен бастап,
пенсияға шыққанша жұмыс атқарған.
3. Жазықбаев Мырзабек
4. Сейдахметов Жарас
5. Цой В. К.
6. Цой А. К.
7. Шотаев Е.
8. Өсерова Ұлсара – маман болмаса да ұстаздың аз кезінде оқытушы болған.
9. Шәкірова Бибіжамал – маман болмағандықтан мұғалім болып жұмыс істеген.
10. Талманов Мырзатай – Ұлы Отан
соғысына қатысып келген. Маман емес. Кейін жұмысшы болып
пенсияға шыққан.
11. Дәулетов Сағынбай – 1928 жылдан
ауылдағы сауатсыздықты жою науқанына белсене қатысып,
Ташкенттегі педагогикалық училищені 1932 жылы бітірген педагог. Ұлы
Отан соғысының ардагері, офицер, коммунист, озат ұстаз,
қазір аудандағы ардагерлер советінің мүшесі. 1945-46
оқу жылында Шәкіров Құрманай «Қызыл дихан»
мектебінде 1 жыл істегенде орнына 1 жыл мектеп директоры Омаров Есіркеп болды.
1948-49 оқу жылында «Ашықұдық» 7 жылдық мектебінің
директоры Байжолов Әли болды. Бұл кісі қазір Қызылордадағы
Н. В. Гоголь атындағы пениституттың оқытушысы, филология
ғылымының кандидаты. 1949-54 жылдары мектеп директоры Исмайылов
Әзімхан болды. Мұнан соң Исмайыл аупартком бөлім
меңгерушісі, колхоз бастығы, көп жылдан бері ауартком председателі
қызметін атқаруда. 1950 жылы ұсақ колхоздардың
іріленуіне байланысты «Талаптан», «Ащықұдық» колхоздары
бірігіп, Қазақстанның ХХХ жылдық атындағы колхоз
болып аталды. Мектептер «Талаптан» бастауыш, «Ащықұдық» 7
жылдық мектептері қосылып, жаңа мектеп ашылып,
«Ащықұдық» болып аталды. Жаңа колхоз орталығы
«Талаптанның» ескі пункіті маңынан орналасып, жаңа мектеп
бұрынғы салынған «Талаптан» басчтауыш мектебінің
үйіне көшіп келді. Мектеп үйі өте тар болды. Бала саны
көбейе түсті. Осы жылдары жаңа мектеп үйін салу туралы
мектеп дирекциясы – директоры Ә. Исмайылов партия ұйымы секретары
Е. Омаров болып қызу қолдады. Колхоз тарапынан материалдық
көмек болатынына көзі жеткен мектеп коллективі жаңа мектеп
құрылысы үшін жұмысқа қызу кірісті.
Әр оқушы комсомол 1,5 мыңнан, өзге оқушылар 1
мыңнан кесек құюға қаулы қабылданып,
жұмыс басталды. Техниканың өте аз кезінде қол
жұмыстарын қажырлылықпен атқарып, суды, топырақ пен
кесекті жаяу тасып, уақытпен санаспай еңбек етіп, өзгелерге
өнеге көрсеткен сол кезде мектеп шәкірттері аз болған
жоқ. Әсіресе Аманқұлов Жұманазар, Бекбаулиев
Фазыл, Бердібеков Балабек, Құдайбергенов Тұрғанбай,
Кенбаев Әнуәр, Қазыбеков Сламбек, Қобландиев
Нұрғали, Тасболатов Жасталап, Бершінбаев Ермекбай, Бәкірова
Әмина, Бектауов Дүйсенбі, Жазықбаева Галина, Қожаев
Мұханбетяр, Пірманов Алтынбектер 3-4 жылда мектеп құрылысы
аяқталғанша көрсеткен белсенділіктері сол кезде көзі
көргендердің әлі күнге дейін тамашалап
әңгімелеп отырғанын естисіз.
1954 жылы мектеп директоры Ә.
Ысмайылов партия жұмысына жоғарылап кеткен соң орнына
Есенкелдиев Ертай директор болып кесегі құйылып болып, қабырғасы
қаланған мектеп құрылысын аяқтауға
мұғалімдер коллективін жақсы ұйымдастыра білді. Мектеп
үйінің төбесін жауып, еденін салуда Тұрсынов Мамбет, Тұңғышбаев
Иманбек, Молдабаев Нұртан сияқты колхозшылар, Сариев
Күзенбай, Омаров Есіркеп, Тәжімов Базарбек, Сарманқұлов
Бектас, Жұмабаев Асан, Жолбаев Айдар сияқты ұстаздар
ауылдағы білім ордасы – жаңа мектеп үйінің тез
әрі сапалы бітуіне өрен еңбек етіп, өзгелерге
үлгі көрсетіп, соңдарынан ерте білді.
Сөйтіп
1954-55 оқу жылында іріленген колхоз балалары сабақты жаңа
мектепте оқитын жылы Ұлы Абайдың 110 жылдық мерекесі
тойланып жаңа орта мектепке Абай есімі берілді. Бұл мектеп пен
колхоз коллективі үшін зор қуаныш болды.
Абай атындағы №50 орта мектеп туралы
Абай атындағы орта мектепте Есенкелдиев
Ертайдан соң Ибрагимов Әди 1957 – 60 жылдары директор болды. Ибрагимов
директор болған жылдары оқу кабинеттерін жабдықтауға
және оқушылар санын көбейтіп, класс комплектісінің
молаюына байланысты тағы да оқитын сынып бөлмелерін
салуға назар аударылды. Сөйтіп қазірге дейін
тұрған химия-физика кабинеттеріндегі заттық шкаф мұнан
27 жыл бұрын жасалынған еді. Сол кездегі мектеп
қарамағындағы екі өгізбен арба сатылып жаңадан
салынатын қосымша бөлек мектеп үйіне материалдар алынып, атты
сатып, физика кабинетіне телевизор алынып, телевизор алынып еді.Салынған
екі бөлек қосымша мектеп үйінің бір бөлегі класс сабақтары
өтілетін мектептің қосымшасы болып, бір бөлігі
алыстығ малшылардың оқу балалары жатып оқитын интернат
үйі болып белгіленді.
Орта мектепте полтехникалық оқуды іске
асыру мақсатында 1958 жылдан бастап шеберханада сабақ өткізу,
мектеп жанындағы оқу – тәжірибе участігін және
оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысын
жандандыру сияқты оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше
аударыла бастады. Оқу- тәжірибе участігінде оқушылар мен
жұмыс жүргізуді әуелі бастаған С. Дәулетов, кейіннен
бұл жұмысты қолына алған химия- биология пәнінің маманы
А. Бәкіров
сияқты ұстаздар шәкірттердің класс сабақтарында
биологиядан алған теориялық білімдерін практикамен байланыстырып, өсімдіктерді
өсіруде түрлі тәжірибе жұмыстарын жүргізуде
республика ғана емес бүкіл одақ көлеміне аты
шығып, халық шаруашылығы жетістіктерінің бүкілодақтық
көрмесіне қатысып, мектеппен бірнеше оқушылардың
көрме медалімен наградталуы да айтуға тұрарлық. Мектеп
жанындағы оқушылардың өндірістік бригадасын ұйымдастырып,
жақсы жұмыс жүргізуіне осы бригадаға 1958 жылдан бастап
біраз жыл жетекшілік еткен биолог мұғалімі А. Әділовтың
еңбегі зор болды.
Мектеп директоры Ә. Ибрагимов 1960
жылы партия қызметіне ауысып, басқа жаққа кеткенде
орнына Пірманов Әкімбек директор болып тағайындалды. Оқушылардың
өндірістік бригадасының жұмысы мен тәжірибе
участігінің жұмысы, әсіресе, осы Ә. Пірмановтың
мектеп директоры болып тұрған кезінде ерекше жолға қойылып,
тәуір жағынан танымал болды. 1966 жылы басқа
жаққа қызметке кеткен Ә. Пірмановтың орнына 1962
жылдан бастап мектептің өндірістік оқу ісінің меңгерушісі
болып келе жатқан А. Бәкіров 1966 жылдың май айынан бастап
мектеп директоры болды. Ол А. Бәкіров күні бүгінге дейін осы
мектепте директорлық қызметті үздіксіз атқаруда.
Мектепте
1964 жылдан оқу ісінің меңгерушісі болған Х. Базарбаев
бұл қызметті 1977 жылға дейін атқарып, 1977 жылдан
бастап оқу ісінің меңгерушісі болып тәжірибелі
ұстаз Ақтай Әділов қызмет атқаруда.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайының
жақсара түсуіне байланысты жас ұландардың мектепте
оқып білім алулары үшін жаңаша жақсы жағдайлар
қажет болды. Әр жылдар өткен сайын оқушылар
санының өсуіне сәйкес жаңа мектеп үйі қажет
болды. Мысалы мынадай цифрды еске түсірсек көп нәрсе белгілі
секілді: Мектепте 1954-55 оқу
жылында 375 оқушы болса, 10 жылдан соң 1964-65 оқу жылында
оқушы саны 647 – ге жетті, 1969-70
оқу жылында партада 762 оқушы отырды. Міне, осындай
жағдайлар жаңа мектеп үйін салуға мәжбүр
етіп, 1975 жылы жаңа жобамен жаңа мектеп үйінің (640
орындық) құрылысы басталды. Екі қабатты мектеп
үйінің құрылысы 1975 жылы аяқталып, 1975 -76
оқу жылы оқушылыр мен оқытушылар коллективі сабақты
жаңа мектеп үйінде бастап, зор қуанышқа кенелді. Сөйтіп,
1975-76 оқу жылында 964 оқушы жаңа мектеп партасында отырды.
Біздің өскелең өміріміздегі мұқтажымыз екі
қабатты сәулетті мектеп үйі салынса да толық орындалмады.
Бірақ оқушылар екі сменада оқыса да бұрынғыдан
әлдеқайда оқу –тәрбие жұмыстарын жан –
жақты жақсартуға мүмкіншіліктері молайған
мектептің мұғалімдері мен тәрбиешілері зор қуаныш
та, мақтаныш та көріп оқу-тәрбие жұмыстарына
жаңа жігер көрсетті. Мұнан 40 жыл бұрын бұл
мектепте 11 ғана мұғалім болса, қазір 1983- 84
оқу жылында 77 мұғалім бар, оның 54 –і жоғары
білім педагогикалық мамандығы бар жаңа мектепке келіп
сабақ оқығалы бұрын арнаулы мамандығы жоқ
ұстаздар мүмкіндік болғандықтан кейбір пәндерден
сабақ беріп келсе, қазір оншақты жылдан бері мектепте
өтілетін пәннің барлығынан дерлік мамандар жеткілікті.
Әсіресе еңбек, дене тәрбиесі, орыс тілі, физика пәндері
мамандары өз ауылымыздың ұл-қыздары,
мектебіміздің түлектері.
Жасыратыны
жоқ еңбек және дене тәрбиесі пәндерініен
сабақ беретін мамандар жөнінде ауданымызда соңғы кезге дейін
қиыншылық болып келсе де Абай атындағы орта мектеп
түлектерінің қазіргі өмір барысында ең
қажетті мамандықтарды таңдай білгені, сол мамандық
арқылы оқу орындарына түсіп, оқып меңгеріп
өз мектебіне келіп, жұмыс істеуі көп қиыншылықтарды
жеңуге игі әсерін тигізіп отырады. Мысалы: ән музыка
пәнінен мәртебеміз іріленген сайын енді қиыншылық туып
келе жатқанда осы мектеп түлегі Өркен Ысмайыл дене
тәрбиесін дамытуда енді қиыншылық бола бергенде Әлімбай
Дәулетов арқылы оқу орындарынан бірі ән музыка
пәнінің бірі дене тәрбиесі пәнінің маманы болып
мектепте көркемөнерпаздар жұмысы мен спорт жұмысын
жақсы жолға қоюына ықпал жасады. Еңбек
пәнінің маманы инженер педагог Мыңбай Абызбековтың
жастарды теориялық біліммен қаруландырумен бірге алған
білімді практикаға енгізуде күш-жігерін аямай жұмсап келген.
Оқушыларға
саналы тәрбие сапалы білім беру мақсатында 1970 жылдары
еліміздің мектептерінде кабинеттік оқу жүйесіне көшуге
байланысты қызу жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұл
науқанды жұмысқа да ауылдағы білім ордасы Абай
атындағы орта мектептің педагогикалық коллективі
айтарлықтай үлес қосып, аудан мектептерінің
алдыңғы қатарлы сапасында болды. Сөйтіп бұл
мектепте кабинеттік оқу жүйесіне көшу міндеті 1978 жылы толығымен
іске асырылып аяқталды. Кабинетті оқу жүйесіне көшуде
химия, физика, тарих, қоғамтану кабинет
меңгерушілерінің Т. Кенжеқараев, С. Қазбеков, Х. Базарбаев,
Ж. Нұрмановтың творчестволық жұмыстары аудан мектеп
мұғалімдеріне үлгі болғанын мектептің
мұғалімдер коллективі мақтан етеді.
Қоғамымыз
дамып алға басқан сайын оқу мен білімді игеру барысында мол
тәжірибелер жинақтала түсті. Соған лайықты жаңа
қажеттіліктер туып отыратыны белгілі. Соңғы жылдары
оқушыларға сапалы білім беруді дамыту барысында мектептерде
жетілдірілген программа бойынша сабақ беру шықты. Жетілдірілген
программа бойынша сабақ беру 1981 жылдан Абай атындағы орта
мектепте іске асып келеді. Жетілдірілген
программа бойынша оқуда мектеп директоры А. Бәкіров өз
мамандығы бойынша химия пәнінен бастап қолға алып
жаңа әдіс бойынша өзге мұғалімдерін
творчестволық ізденіп жаңа әдісті меңгерулеріне
үлгі өнеге көрсете біледі. Ұйымшыл коллектив жетілдірілген
программа бойынша оқытып жас ұландардың сапалы білім алулары жолындағы
күрес те де аудан, облыс көлеміндегі халық ағарту
қызметкерлерін де тәуір жағынан танымал болды.
Оқушыларды 6 жастан бастап оқытып, орта мектеп бітіру
жөніндегі аптасына 5 рет оқиды. Тәжірибе жасау эксперимент
класы да облыс көлемінде тұңғыш рет 1982 – 83 оқу
жылында осы Абай атындағы орта мектепте болып отыр.
Біраз
жылдардан бері оқу тәрбие жұмыстарында тәуір
жағынан Республикамыз Одақ
көлеміне аты шығып келе жатқан. Бұл мектепте аудан,
облыс көлеміндегі ағарту ісі жөнінде жаңалық
болатын болса, әуелі осы Абай атындағы орта мектепке келіп,
өзге мектептерге сонан тарайтын әдет болған. Аудан
халық ағарту жұмысында 1982-83 оқу жылында
басталған опорный Спорт Класы да әуелі осы мектепте
қолға алынып, спортты қатты сүйе білген әр
кластың оқушылары жинақталып сабақтан тыс уақытта
арнаулы жабдықталған спорт алаңында дене тәрбиесі мен
маман мұғалімінің басқарып оқытып
үйретуімен шұғылданады. 6 жастан бастап оқытатын
эксперимент класс оқушылары да арнайы спорт класының
оқушылары ыстық тағаммен қамтамасыз етілген.
Эксперимент класс оқушылары да арнайы спорт класының оқушылары ыстық
тағаммен қамтамасыз етілген.
Бұған қоса 1982-83 оқу жылынан
бастап аудан көлемінде орта мектеп жандарындағы тынығу лагері
Абай атындағы орта мектеп жанынан ұйымдастырылып ашылып әр
жылда жүз пионер тынығып, демалып келеді. Мектеп жанындағы
лагерьде жас пионерлердің жақсы дем алуына мектептің
кәсіподақ ұйымының председателі М. Қапбаров
ұстаз тәрбиешілер
Г. Тыналиева, Базаркүлдің еңбектері
айтуға тұрарлық. 1964 жылдан күні бүгінге дейін
интерндер арасында тәрбие жұмысын үздіксіз жүргізіп
жатқан жоғарға дәрежелі білімді коммунист ұстаз С.
Мұсайымов.
Абай атындағы мектептің негізі 1930
жылдан басталып жас ұрпаққа білім бергеніне 54 жыл болыпты.
Міне осы жарты ғасырдан астам уақыттың ішінде қанша жас
білім нәрінен сусындап шығып еліміздің түкпір
түкпірінде еңбек етіп жүр. Басқаны былай
қойғанда 1954-55 оқу жылынан 1982-83, оқу жылына дейін
яғни 29 жылдың ішінде 1935 түлек орта мектепті бітірді.
Оның 204 – « жоғары оқу орындарына, 102 –сі
техникумдарға, 118 –і кәсіптік учелищелерге 51 – і
қысқа мамандық курстарға оқуға түсіп,
оқыса 966 – сы орта мектепті 3 шәкірт күміс медальмен, 6
шәкірт алтын медалмен бітіріп, ары қарай жоғарғы
дәрежелі білім алуда.
Олар: 1. Жазықбаева Галина – мектепті
күміс медалмен бітірген соң медициналық университетті
тамамдап, Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек етіп
жүр.
Білім
негізін Абай атындағы мектепте оқып алып, ары қарай
оқуын жалғастырып, ғылымның қиыншылықтарынан
қорықпай ғалым болып шыққандар да баршылық.
Олар: 1. Есенов Шахмардан – геолог,
пайдалы қазбалар саласының гиология – минералогия
ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССРГА –ның
академигі, лениндік сыйлықтың лауреаты мемлекет және
қоғам қайраткері.
2.
Бәкіров Құрманбек – 1979 жылы кандидаттық дисертация
қорғаған қазақтың күріш
жөніндегі ғылыми зерттеу институтында бөлім меңгерушісі
болды.
3.
Нұрымов Соқтабыз – физика-математика ғылымдарымен кандтдаты
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
4.
Сәрсенов Мыңбай -
малдәрігері ғылымның кандидаты» Ет және сүт
бағытындағы мүйізді ірі малын бурцулез ауруынан
айықтыру» тақырыбында диссертация қорғаған.
5.
Бершімбаев Серікбай – «Оңтүстік Қазақстанның
материалдары бойынша» кандидаттық диссертация қорғаған.
6.
Балтаев Құдайберген -
биология ғылымдарының кандидаты, доцент Қызылорда
пенинститутында жаратылыстану факультетінің деканы.
7. Аяпов Мадахмет – тарих ғылымдарының кандидаты Шымкент технология институтында сабақ береді.
8.
Сарсенбаев Талғат – философия ғылымдарының кандидаты
Ұлы ақын есімімен аталатын мектепте әр жыл сайын Абайдың туған күніне арналған кештер, диспуттар, конференциялар өтіліп тұру дағдыға айналған деп бір сөзбен айтуға болса да 1970 жылы Ұлы ақынның 125 жылдығын атап өту салтанатын көпшілік қоғамдық ұйыидардың қолдауымен аса қызықты да әсерлі болғанын еске салғанды жөн көрдік. Мектеп коллективінің ақынын 125 жылдығын кең көлемде атап өту жоспарын ата –аналар коллективі мен Аудандық, облыстық халық ағарту бөлімдерімен кәсіподақ ұйымдары қызу қолдап бұл салтанатты аудандық масштаб көлемінде өткізуге пікір қосты. Мектеп шеберханасында оқушылар өз қолдарымен киіз үйді, үй жабдықтарымен жасап, мектеп залына қойды. Зал қабырғаларына Абай шежіресі, ақынның ұлағатты сөздерімен өзге ұлы адамдармен Абай туралы сөздері көрнекі жазылып, ілінді. Салтанатты өткізуге мектептегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің маманы коммунист ұстаз Алтынбеков Сағындықтың еңбегі ерекше болды. Бұл кісі түрлі ұйымдастыру жұмыстарымен бірге ақынның өмірі мен творчестволық қызметіне арнап баяндама жасады. Осы салтанатты жиында соғыс жылдары Ұлы Абайдың 100 жылдық мерекесі Берлинде аталып өтіліп, аталып өтілгені туралы майдан газеттерінде жазылған 1938 жылдан ұстаз Ұлы Отан соғысының ардагері ұстаз С. Дәулетов тебірене әңгімелеп, Абайдың 100 жылдығы туралы сонан 25 жыл бұрын жазылған майдан газеттерін көрсетті. Бұл секілді жағдайларға ауданның барлық мектептерінен қатысқан өкілдері мен аудандық облыстық халық ағарту бөлімінің қызметкерлері аудандық, облыстық, республикалық газеттердің тілшілері ұйымшыл коллективті Ұлы Абайдың туған күніне арналған мерекелік салтанатына қатты ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтып тарқасты. Бұл туралы кезінде «Лениншіл Жас» газеттерінде жан – жақты жазылды да.
Жоғарыда
мектеп тарихына байланысты деректерде оқу-тәрбие жұмыстарын
жақсартуға күш жасаған ұстаздар мектепті
медальмен бітірушілер мен ғалым болғандар туралы аттары аталып көрсетілді.
30 жылда биылғы орта білім туралы аттестат алушы 75 түлекті қоса
есептегенде 1610 шәкірт орта мектепті бітіріп, оың 1000 – ға
жуығы тікелей өндірісте еңбек етіп жүр. Осы еңбек
етіп жүргендердің ішінде партия совет қызметінде түрлі
мамандық саласында егін егіп, мал бағып, механизмді майша илеп, абырой
биігінен көрініп жүрген Абай атындағы орта мектепте білім
нәрінен сусындап шыққандар аз емес. Олардың толық
аттарын атауда мүмкін емес екені белгілі. Алтын ұядан
қанаттанып ұшқан қарлығаштардан қанаттары
талмай өскелең өмірге өрлей беруіне ұстаздары
мәңгі тілектес. Осы мектептен ұшқан
қарлығаштың бірі Әлмырза Ноғайбаев анда-санда
телевизор мен радиодан ән шырқағанда абайлықтар бір
шарықтап қалады.
Ауылдағы
білім ордасында жас буындарды оқытып тәрбиелеуде ұзақ
жыл еңбек етіп абырой атаққа ие болған АРДАГЕР
ҰСТАЗДАР:
кавелері,
Халық ағарту ісінің озық қызметкері
Қазақ
ССР-не еңбегі сіңген оқытушы.
1896 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы
«ХХХ жылыдқ Қазақстан» колхозында кедей дихан семьясында
туған .1923 жылға дейін әке тәрбиесінде болып, 1920
жылы Шымкенттегі мұғалім дайындайтын курсты бітіріп, сол 1920
жылдан 1959 жылға дейін үздіксіз мұғалім болған.
1920 -23 жылдары Жөлек бастауыш
мектебінде,
1923-28 жылдары Шиелі ауданы
Тартоғай бастауыш мектебі
1928-31 жылдары Соркудық бастауыш
мектебінде,
1931-35 жылдары Алғабас бастауыш
мектебінде,
1935 -59 жылдары Абай атындағы
мектепте мұғалім.
1922 жылдан оқытушылар союзына
мүше.
1928 жылдары конфискация мауқанына
қатысқан. 1929 жылдары коллективтендіру науқанына белсене
қатысқан. 1937 жылы Қазақ ССР оқу министрі
Халық ағарту ісінің озық қызметкері значогымен наградталған.
1945 жылы ҚазССР Ж/С президиумы «ҚазақССР-іне еңбегі
сіңген оқытушы» атағын және грамота берген. 1947 жылы
соғыс жылдарындағы еңбегі үшін медалымен,
1949 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен,
1951 жылы Ленин орденімен наградталған. 1939-58 жылдары ауылдық
совет депутаты 1957 жылдан
халық сотының заседателі болған.
2. Бәкіров Асанбек «Еңбек
Қызыл Ту» ордені кавелері, Қазақ ССР Халық ағарту
ісінің озық қызметкері, 1933 жылы 25 июльде
бұрынғы «Ащықұдық» колхозы қазіргі Балаби
атындағы ауылында дүниеге клген. Әкесі Палымбет Бәкір 1933
жылдан 1950 жылы дүниеден өткенше «Ащықұдық»
совхозының председателі болған. Асанбек 1947 жылы
«Ащықұдық» 7 жылдық мектебін бітірген соң
Шиелідегі Октябрдің ХІХ жылдығы атындағы қазақ
орта мектебінде оқып, бұл мектепті 1950 жылы бітіріп өз
ауылындағы мектепке мамандығы бойынша сабақ береді, 1955-58
жж Совет Армиясында әскери борышын өтеп келісімен де өзі
мұғалімдік қызметін басқарған мектепке келіп
жұмысын жалғастырады. 1962 жылы осы мектепте өндірісті оқу
ісінің меңгерушісі болған ол 1966 жылдың май айынан сол
мектепке директор болып тағайындалды 1971 жылы Асанбек Бәкіров
оқу тәрбие жұмысындағы 5 жылдық қорытындысына
байланысты «Еңбек Қызыл Ту»орденімен наградталды. 1979 жылы
«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық
қызметкері» значогымен наградталды. Семья құрып, 8 ұл-қыз
тәрбиелеп отыр. Тұңғышы Дәуренбек
Алматыдағы ауылшаруашылық институтын бітіріп, үйленіп
қызмет етуде. Екінші перзенті Мадинасы орта мектепті алтын медальмен
бітіріп, Қызылорда пединститутының жаратылыстану факультетін
бітірді. Аудандық, облыстық бірнеше грамота және
алғыстары бар.
3. Әділов Ақтай – Ы.
Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтынан
АЛҒЫС алған. Аудандық, облыстық Халық
ағарту бөлімдерінен бірнеше ГРАМОТА АЛҒЫСЫ бар. 1977 жылдан
оқу ісінің озық қызметкері.
4. Дәулетов Сағынбай -
Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Ұлы Отан соғысының ардагері.
5. Смайлова Райхан –Қазақ ССР
халық ағарту ісінің озық қызметкері. 1976 жылы
қаза болған.
6. Абызбеков Мыңбай -
Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері,
инженер – педагог.
7. 1964 жылдан интернат тәрбиешісі
Қаппаров Махмут - Қазақ ССР халық ағарту
ісінің озық қызметкері. Мектепт кәсіподақ
ұйымының пеедседателі, қоғамтану, тарих
пәндерінің маманы.
8. Дәулетов Әлімбай -
Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері,
дене тәрбиесінің маманы.
9. Нұрманов Жылқайдар -
Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері,
қоғамтану, тарих пәндерінің маманы.
10. Базарбеков Халилулла – аға
ұстаз, аудандық, облыстық Халық ағарту
орнындарынан бірнеше алғыс грамоталары бар.
11. Мұсайымов Серікбай – Ы.
Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтынан
алғыс алған. Аудандық, облыстық Халық
ағарту бөлімдерінен бірнеше грамота алғысы бар. 1964 жылдан
интернат тәрбиешісі болған.