Бекітемін:

 

                                                                                                   Шиелі аудандық білім бөлімі

                                                                                         бастығы  К.Қ. Оңғаров

 

 

 

 

 

 

 

№ 50 Абай атындағы орта мектеп

 

ЖАРҒЫСЫ

 

 

                                                                                                                

 

 

Меншік түрі :       Мемлекеттік мекеме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі кенті

2010 жыл

 

 

Жарғы

 

Мемлекеттік оқу орны - №50 Абай атындағы орта мектеп

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1 №50 Абай атындағы орта мектеп – жалпы білім беретін мектеп, білім беретін   

      бағдарламаларын жүзеге асыратын Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орны болып  

      табылады. Мектеп Шиелі ауданындағы Білім беру мекемесіне жатады.  Қазақстан  

      Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңы негізінде

      қызмет атқарады. Оқу – тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметі және

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен нормативті құжаттар

      арқылы жүргізіледі.

1.2 Мектеп  заңды тұлға болып табылады. Жеке мүліктік және негізгі  

      мүліктік жедел басқаруға, өз атынан келісім  шарттар жасауға, мүлік алуға және   

      пайдалануға міндетті. Заң алдында талапкер және жауапкер болуға ерікті. Дербес

      балансы, банкіде есепшоты, дөңгелек мөрі, бұрыштамасы бар.

1.3 Мектептің заңды мекен-жайы:

      Индекс – 120708

      Қызылорда облысы Шиелі ауданы  Балаби ауылы Балаби көшесі №1 үй

      Мекеменің толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: №50 Абай атындағы орта мектеп  Мемлекеттік мекемесі

      Қысқаша атауы: №50 Абай атындағы орта мектеп М.М.

      Орыс тілінде: Государственное учреждение «Средняя  школа №50 имени Абая»

      Қысқаша атауы: ГУ «Средняя  школа №50 имени Абая»

 

ІІ. Құрылтайшылар

 

2.1 Мектеп  құрылтайшысы Шиелі аудандық Әкімдігі болып табылады. Шиелі аудандық  

      білім бөлімі Уәкілетті орган болып есептеледі.

2.2 Мектеп  пен Уәкілетті орган арасындағы қатынас осы Жарғы және Қазақстан  

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2.3 Уәкілетті орган мектеп директорын Қазақстан Республикасының заңнамасында  

      белгіленген тәртіппен тағайындайды және лауазымнан босатады.  Мектеп

      директорының орынбасарларын тағайындау жайлы ұсынысын қарайды.

2.4  Мектеп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және басқа да

       нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізіледі.

2.5 Мектеп педагогикалық, ғылыми  және тағы басқа халықаралық  

      ассоциациялар, бірлестіктер мен қоғамдарға кіруге ерікті. Кәсіби, шығармашылық,

      ғылыми, спорттық байқауларға, олимпиадаларға, конференция, конгрестерге, білім  

      қызметкерлері мен білім алушылардың түрлі формадағы тәжірибе алмасуларына  

      валютасыз негізде қатыса алады.

2.6 Мектеп мемлекеттік саясаттың білім беру жүйесіндегі зиялы және діни білім берудің

      принциптерін сақтауға міндетті.

2.7 Мектеп ұйымдық құрылымдарды, саяси партияларды, қоғамдық -саяси   

      қозғалыстарды және діни бірлестіктерді құруға тыйым салынады.

2.8 Мектеп білім беру үрдісін жүзеге асыруда кадрлар іріктеуді, орналастыруды,  

      ауыстыруды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес  дербес  

      атқарады.

 

 

 

ІІІ. Мектептің негізгі мақсат – міндеттері

 

3.1 Мектеп қызметінің негізгі мақсаты:

      Жалпыға міндетті Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім беру  

      бағдарламаларын игертуді жүзеге асыру;

      Білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі  

      негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш білім беруді, негізгі орта  

      білім беруді, жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

 

3.2 Мектеп қызметінің негізгі міндеттері:

    1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi           

        негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға

        бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;

2)жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту,                                                              адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту;

     3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке,  мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

     4)белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

     5)отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу; мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгерту;

3.3 Мектептің негізгі функционалдық қызметі

    1) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

    2) жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

    3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру  қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;

     4) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу;

  5) бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргiзу;

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

    7) бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

    8) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

  9) білім алушыларға инклюзивті білім беру;

  10)мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға психологиялық, дәрігерлік кеңес беру,  логопедтың, дефектологтың көмегін ұсыну;

   11)бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктер материалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;

   12) денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы мектепке келе алмайтын балалар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастыру;

   13) қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне  жәрдемдесу;

   14)Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiктi табыс ету;

15) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы құқық бұзушылық жасаған фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады.

ІҮ) Бiлiм беру процесiн ұйымдастыру тәртiбi

4.1 Мектепте білім мен тәрбие беру мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізіледі

      Мектепте ресми тіл есебінде  орыс тілі, шетел тілі ретінде  ағылшын тілі пәні   

      оқытылады.

      Жалпы білім беру бағдарламалары мектепте күндізгі формада жүзеге  

      асырылады.

4.2 Мектептегі білім беру үрдісі мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына және оқу  

      жоспарына сәйкес дербес құрылады және оны мектеп директоры бекітеді

4.3 Мектептегі білім беру бағдарламалары негізгі және қосымша компоненттерден  

      тұрады;

4.4 Мектептің білім беру үрдісі төмендегідей сатыларды қамтиды:

      Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (оқу мерзімі 1 жыл) – мектепалды дайындық  

      тобы

      Бастауыш бiлiм беру (оқу мерзімі 4 жыл) – 1 - 4 сыныптар

      Негiзгi орта және қосымша білім беру , (оқу  мерзімі 5 жыл) - 5- 9 сыныптар

      Қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық бағытты (оқу мерзімі 2  

      жыл) - 10-11 сыныптар

    Білім алушылар мен ата – аналардың сұранысы бойынша мектеп түрлі  профильдер мен бағыттар бойынша білім бере алады.

 4.5 Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру     бiлiм алушыларды мiндеттi қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.

     Мектепте қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді

    Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға  белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

 4.6 Оқу жылының бағдарламасын толық игерген, үздік білім нәтижесі мен үлгілі тәртіп     

   көрсеткен білім алушылар мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне   сәйкес сыныптан сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

4.7 Оқу жылының бағдарламасын орта деңгейде игерген білім алушылар сынақ тапсыруға   міндетті. Сынақтан «қанағаттанғысыз» баға алған жағдайда күзгі сынаққа қалдырылады. Күзгі сынақтан өте алмаған жағдайда келесі сыныпқа көшірілмейді.

 4.8  Жалпы білім беру бағдарламасын игермеген білім алушылар білім берудің келесі сатысына көшірілмейді.

4.9 Білім алушыны келесі сыныпқа көшіру кез-келген жағдайда мектептің педагогикалық кеңесінің Шешіміне сәйкес жүргізіледі.

 

Ү. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ режимi

 

5.1 Ереже бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталады;

5.2 Мектеп алты күндік оқу аптасы бойынша жұмыс жасайды. Сабақ ұзақтығы –  

      астрономиялық уақытпен 45 минут. Сабақ екі кезекте оқытылады.

5.3 Оқу жылының ұзақтығы  мемлекеттік және қорытынды аттестацияны есепке  

      алмағанда  34 апта. Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері мен бірінші  

      сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыс белгіленеді.

5.4 Сабақ кестесі мен күн тәртібін мектеп директоры бекітеді.

5.5 Мектеп Жалпы білім беретін оқу мазмұнына қарай мынадай оқу  

      бағдарламаларымен жүргізіледі:

1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) Бастауыш білім беру;

3) Негізгі орта білім беру;

4) Жалпы орта білім беру;

5) Дарынды балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу  

     бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін кәсіби        

     білім  беру;

6) Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары;

7) Қосымша білім беру бағдарламалары;   

8) Үйден оқыту  жеке арнаулы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

 

ҮІ. Сыныптардың саны мен топтастырылуы

 

6.1 Мектептегі сыныптардың саны ата-аналардың (заңды өкілдерінің) берген өтініштері  

      мен жалпы білім беру үрдісін жүзеге асыру жағдайларын, санитарлық-гигиеналық  

      нормаларын  есепке ала отырып, Уәкілетті органның келісімімен директордың

      бұйрығы арқылы жасақталады.

6.2 Мектепалды дайындық топтарында тәрбиеленушілер саны 20, басқа сыныптарда  

      оқушы саны 25 білім алушыдан аспауға тиіс.

6.3 Мектеп сыныптары орыс тілін, ағылшын тілін оқытуда екі топқа бөлінеді.Оқушы саны

      сәйкес болған жағдайда дене шынықтыру, технология  пәндері бөлініп оқытылады.

6.4 Мектептің бастауыш, бағдарлану сыныптарында мемлекеттік тілді, орыс тілін, 

      ағылшын тілін, технология, дене шынықтыру пәндерін оқыту  екі топқа, информатика      

      пәнін оқыту  үш топқа бөлініп оқытылу арқылы жүргізіледі.

6.5 Мектептің бастауыш, бағдарлану сыныптарына оқушылардың таңдауы бойынша  

      қосымша курс жүргізу үшін әр сыныпқа 4 сағат бөлінеді. Түрлі үйірмелер жүргізуге

      0,25 жүктеме белгіленеді.

6.6 Білім алушының таңдауы бойынша өткізілетін элективті курстар бір топта 8 оқушыдан  

      кем болмаған жағдайда жүргізіледі.

 

ҮІІ Мектепке қабылдау, мектептен шығару тәртібі

7.1 Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады.

     Мектепалды даярлық мiндеттi және мектептің мектепалды сыныптарында жүзеге  асырылады.

7.2 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

7.3 Мектепте білім алуға өтініш берген  білім алушылардың тұрғылықты жері мектептің қызмет көрсету аумағына енетін болса, қабылданады. Ал басқа аумақтан келген ата – аналар (заңды өкілдер) өтініштері бос орын болмаған жағдайда қанағаттандырылмайды.

7.4 Он алты жасқа дейiнгi балаларды мектептен шығару құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн педагогикалық Кеңестің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келiсiмiмен қабылданады.

7.5       Мектеп сыныптары 25 оқушыға толмаған жағдайда 5-10-сыныптарға конкурстық негізде оқушы қабылдау жүргізіледі. Конкурс талаптары мен ережелерін мектеп  директоры бекітеді.

7.6       Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар гимназия сынып оқушылары Педагогикалық Кеңес шешіміне сәйкес оқуын мектеп сыныбында жалғастыруға міндетті.

7.7       Мектепке қабылданған оқушының ата-анасын (заңды өкілдерін) мектеп дирекциясы мектеп  Жарғысымен таныстыруға міндетті.

   

ҮІІІ. Мектептің қаржы және шаруашылық қызметінің құрылымы

8.1 Мектеп лицензия алып, тіркелген күннен бастап, өзінің Жарғысы, мөрі, атауы мен   

      есепшоты бар заңды тұлға болып табылады.

8.2 Мектептің қаржылық және заттай қорының қайнар көзі:

      Бюджеттік;

      Меншік иесі немесе өкілетті органның мектепке берген заттары;

      Басқа заңды және жеке тұлғалардың ерікті көмектері;

      Басқа да заңға сәйкес табыс көздері;

8.3 Білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында Уәкілетті орган Жарғы бойынша өз  

      жеке меншігіндегі нысандарын (жер, мектеп құрылысы, жабдықтар және т.б) мектепке  

      бекітеді.

8.4 Жер учаскесі мектепке тегін және мерзімсіз пайдалануға беріледі. Осы меншік  

      құралдарын сақтау мен тиімді пайдалану жөнінде мектеп Уәкілетті ұйым  

      алдында жауапты. Мектеп қызметін бақылау Уәкілетті ұйым немесе осыған қатысты

      басқа заңды тұлғалар арқылы жүргізіледі.

8.5. Мектепке жеке және заңды тұлғалардың ақшалай, заттай берген сыйлары, қалдырған  

       мұралары мектеп меншігіне жатады.

8.6. Мектеп өз меншігіндегі ақша қорларының жұмсалуына жауап береді.

8.7. Мектеп өз меншігін жалға беруге және жалға алуға құқылы. Өз меншігін жалға беру  

       тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.

8.8. Уәкілетті ұйым бекіткен ақшалай және заттай қорлар мектептің меншігі болып  

       табылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес жұмсалады.

8.9. Мектептің материалдық-техникалық базасының дамуы өзіне бекітілген бюджеттік  

       және меншік қорлары арқылы жүргізіледі.

       Қаржы қорының жұмсалуы бекітілген смета бойынша жүргізіледі.

   

ІХ. Мектепті басқару

 

9.1. Уәкілетті ұйым мен мектеп арасындағы өзара жасалған келісім-шарт бойынша Уәкілетті ұйым құзыреті:

- Жарғыны бекіту және жарғыға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту;

- Мектептің мүлік-қаржы қызметін бақылау;

- Мектептің білім беру қызметін бақылау;

- Мектептің директорын тағайындау;

- Мектепті жою және қайта құру туралы шешім қабылдау;

- Білім беру сапасын басқару, мектеп ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және  

   әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

9.2. Мектепті басқару, ашық, жалпыға бірдей, өзін-өзі басқару негіздері бойынша  

       жүргізіледі және өзінің алға қойған мақсаттарын ата-аналармен бірлесе отырып

       шешеді.

9.3. Мектепті жалпылай басқару Мектептің педагогикалық Кеңесі арқылы жүргізіледі.

9.4.1. Мектептің педагогикалық Кеңесі мектеп жағдайын ойлайтын мүдделі қоғам  

          өкілінен, ата-ана өкілінен, оқушыдан, оқытушыдан құралады. Кеңесті мектеп  

          директоры басқарады.

9.5.2. Төраға шешімі бойынша Кеңес отырысы үш айда бір рет шақырылады. Кеңестің  

          шұғыл отырысы кем дегенде 1/3 кеңес мүшелерінің талабы бойынша немесе Кеңес  

          төрағасының шақыруы бойынша өткізіледі.

9.6.3. Кеңес отырысының хаттамасын төраға тағайындаған хатшы жүргізеді.

 

Х. Мектеп  педагогикалық кеңесінің құзыреті:

Кеңес:

-         Жарғыға  және оған енгізілген қосымша мен өзгерістерді қабылдайды;

-         Мектеп білім-тәрбие жөніндегі бағыт-бағдарын анықтайды.

-         Әкімшіліктің, мұғалімдердің қызметтері жөніндегі есебін тыңдайды.

-         Қосымша білім берудің саны мен сапасын анықтайды.

-         Директордың бірге мемлекеттік басқару органдарында, қоғамдық ұйымдарда және ата-аналармен (заңды өкілдермен) бірге білім алушылардың мүддесін және жасөспірімдерді әлеуметтік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

10.1. Мектеп педагогикалық Кеңесінің шешімдерін мектептің ұжым мүшелері мен

         оқушылары және олардың ата-аналары орындауға міндетті.

10.2. Мектептің басшылығы Уәкілетті ұйым тағайындаған Директор арқылы жүргізіледі.

10.3. Директор ата-аналар, мемлекет, қоғам және  Уәкілетті ұйым алдында өз жұмысын  

         қызметтік талаптарға сәйкес жүргізуге жауапты.

 Директордың міндеті:

Директор

-         Мектептің  директоры оқу-тәрбие және шаруашылық жұмысын ұйымдастырады.

-         Мектеп мүлкіне және мектеп қаржысына қожалық етуге, банктерде есеп айырысатын және есеп шот ашуға, мектеп ішінде бұйрық шығарып, басқа да келісім жүргізуге құқығы бар.

-         Мектеп атынан және мектеп үшін басқа мекемелермен, ұжымдармен, және адамдармен келісім-шарт жасауына құқығы бар.

-         Мұғалімдерге педагогикалық сағат жүктемесін бөліп беріп, айлық төлеуді реттейді.

-         Мектептің  басшысы Уәкілетті ұйымының келісімі бойынша өз орынбасарларын тағайындайды  және  қызметінен босатады. Мектептегі кадрларды жұмысқа орналастырып, штат бойынша жұмыс кестесін реттейді, және қызметтік функциясын реттеп бекітеді.

-         Мектеп педагогикалық Кеңесінің  шешімдері заңға қайшы  келетін болса, заңдылықтарға сәйкес тоқтатуға құқылы.

10.4. Мектептің ғылым, оқу, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына   

         лауазымдық міндеттерін жалпы білім беру жүйелерінің педагогика  қызметкерлері  

         лауазымдарының біліктілік сипаттамалары негізінде мектеп директоры бекітеді.

10.5   Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына оқу жоспарын бекіту, педагогикалық  

          жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтау және оқу жеке жоспарларын бекіту,

          оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру,  үлгірім мәселелерін талқылау,

          оқушылардың тәртібі мен оларды аттестациялау мұғалімдердің біліктілігін арттыру,

          олардың шығармашылығы жұмыс дәрежесін арттыру, озат тәжірибені тарату,

         мұғалімдерді және мектептің басқа да жұмысшыларын марапаттау.

10.6 Жылма-жыл мектеп директорының бұйрығымен педагогикалық кадрлардың

        аттестация ережесіне сәйкес аттестациясын өткізу үшін аттестация комиссиясы

        құрылып, аттестацияны өткізеді.

10.7 Мектеп директоры Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен:

      1) білім алушылар, тәрбиеленушілер, қызметкерлердің құқықтары мен

          бостандықтарын бұзғаны;

      2) өзінің құзіретіне жатқызылған міндеттерді орындамағаны;

      3) Қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша

          қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

     4) Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені;

     5) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны үшін

         жауаптылықта болады.

 

ХІ.    Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

        Бiлiм алушыларға оқушылар жатады. Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi,

        интернатта бiлiм алушы және тәрбиеленушi адамдар жатады.

      11.1 Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:

      1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;

       2) педагогикалық Кеңестің шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм  беру  стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары бойынша оқуға;

          3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

         4) мектепті басқаруға қатысуға;

        5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарында  ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге;

         6) спорт, оқу, акт залдарын, кiтапхананы тегiн пайдалануға;

         7) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;

         8) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;

      9) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

11.2. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға  мiндеттi.

      1). Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жеуге,  рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi.

       2) Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер педагог қызметкердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, өздерi бiлiм алатын оқу орнының дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.

      3) Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға   мектептің iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.

ХІІ. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:

          1) баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып, мектепте       оқытуға;

     2)ата-аналар комитеттерi арқылы мектепті басқару
органдарының жұмысына қатысуға;

          3) мектептен өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

            2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:

      1)  балаларға өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2)  балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жәрдем көрсетуге;

   3) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге, мектеп Жарғысы мен    Педагогикалық Кеңес шешімдеріне мойынұсынуға мiндеттi.

ХІІІ. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен  жауапкершiлiгi

      2. Педагог қызметкердiң:

      1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;

     2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;

      3) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

      4) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

     5) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
     6) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;

    7)педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;

     8) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына   құқы бар.

     3. Педагог қызметкер:

      1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;

      3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

      4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;

       5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

       6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;

      8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.

      9) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мектеп қызметкерлері жылма-жыл медициналық  бақылаудан өтуге және белгіленген тәртіппен медициналық егілуге міндетті.

     10)Мектеп  қызметкерлеріне жұмыс беруші мектептің өзі болып табылады.

  11)Мектеп пен қызметкерлердің еңбек қатынастары мектеп директоры мен қызметкер  

       арасындағы еңбек келісім-шарты бойынша  реттеледі. Еңбек келісім-шарты  

       Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамалары бойынша жүргізіледі.

 12)Еңбек қатынастары мектепте ҚР «Еңбек Кодексі» және «Білім туралы» Заңы 

       арқылы тәртіпке келтіріледі.

 

XІҮ. Жарғының күшіне енуі

         Жарғыны мектеп директоры дайындайды, Уәкілетті ұйым тарапынан  

         бекітіледі және Мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

 

ХҮ. Жарғының өзгеру тәртібі

15.1 Жарғыға өзгерістер енгізу және қосымша тіркеу мектеп педагогикалық

        кеңесі арқылы қабылданып, Уәкілетті ұйым арқылы бекітіледі.

15.2 Жарғыдағы өзгерістер мен қосымша толықтырулар Әділет органдарының

          Мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заң тәртібі бойынша күшіне енеді.

 

ХҮІ.Мектептің  локальді актілері

9.17. Мектеп өз қызмет тәртібін төмендегі локальді актілер арқылы жүргізеді:

- Бұйрық

- Шешім

- Нұсқау

- Сабақ кестесі

- График

- Ереже

- Жоспар

- Тәртіп

 

ХҮІІ. Мектепті қайта құру және  тарату

17.1. Мектепті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына  

         сәйкес жүргізіледі.

17.2. Мектеп өмірін қайта ұйымдастыру немесе басқа білім мекемесіне айналдыру  

         Құрылтайшының шешімімен, егер мектеп міндеттеріне нұқсан келтірмейтін немесе

         Құрылтайшы бар міндеттемелерді өз мойындарына алған жағдайда ғана іске асады.

17.3. Қайта ұйымдастыру кезінде (Ұйымдық- құқықтық форма, статустың өзгеруі) мектеп   

         Жарғысы күшін жояды. Мектептің барлық құжаттары (басқару, финанс  

         шаруашылығы, жеке құрамы және т.б.) құрылған тәртіп бойынша құқық қабылдап

         алуға құқылы тұлғаға, ал ол жоқ жерде мемлекеттік мұрағатқа өткізіледі.

17.4. Мектепті таратуды жүзеге асыру:

         - Құрылтайшы шешімімен

         - Заңсыз әрекеттермен лицензиялау немесе Жарғы мақсаты сәйкес келмейтін

           жағдайда сот ұйымдарының шешімімен жүзеге асырылады.

 

ХІІІ . Мектептің Жарғысына өзгеріс ендіру

         13.1 Аталған Жарғыға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшымен

                бекітіліп, белгіленген Заң тәртібі бойынша тіркеуге алынады.

                Аталған Жарғы бірдей Заңды күші бар 3(үш) данада жасалып, қазақ және орыс

                тілдерінде жазылды.

                Жарғы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алуды жүзеге асыратын органда

                тіркелгеннен  бастап, өз күшіне енеді.

 

 

 

   

Мектеп  директоры:             Ұ.П.Найманбаева

Hosted by uCoz