11.СЕНІМ ХАТ Сенімхат - белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады. Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады. СЕНІМХАТТЫҢ ТИПТІК ҮЛГІСІ МЫНАДАЙ:
ҚҰЖАТ АТАУЫ. ( кім, кімге, нені және қандай мерзімге сеніп тапсырады )
СЕНІМХАТ Одан өзге мәтіннің басында сенімхат берілген орын және күн жазбаша түрде көрсетіледі. Мысалы: Ақша аударымын алуға. СЕНІМХАТ Қарағанды қаласы, 8 тамыз 2001 жыл. Мен....... СЕНІМХАТТЫҢ МӘТІНІ МЫНАДАЙ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАМТИДЫ: 1. Сенімхат иесінің
аты-жені, қызметі, (қажет жағдайда) және 2. Сеніп тапсыратын өкілеттіктері мен құқықтарының дәл ауқымы. 3. Сеніп тапсырған адамның аты-жөні, оның қызметі немесе мекен жайы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың (куәліктің) нөмірі, кім бергені, қашан бергені. 4. Сенімхат әрекетінің мерзімі мөтіндегі екінші және үшінші бөліктерінің орнын ауыстыруға да болады. Мысалы. СЕНІМХАТ Мен Қараганды қаласы С.Сейфуллин көшесі, 210 үй, 4-пәтерде тұратын Қобланов Бейбіт, Қарағанды қаласы Ж.Жабаев көшесі 35-үй, 82-пөтерде тұратын Манатов Әсетке ( жеке куәлігі №... кім, қашан бергені) маған тиесілі 2001 жылдың тамыз айының еңбек ақысын Қарағанды қаласындағы Валют Транзит банкісінңдегі №000 есепшотынан алуды сеніп тапсырамын. Сенімхат 2001 нылы тамыз айының 11-не дейін берілді.
СЕНІМХАТ " Балхаш" сауда үйі Манатов Осет Қобланұлына, жеке куәлігі № 000 358225, 1996 ж. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ берген, жүргізуші куәлігі АА № 1056118, " Тайота " маркалы автомашинаны, двигателі № IB 813772, шасси ІМЗ - НВ 12387, мемлекеттік № РНІ 02113, түсі-ақшыл сары, жүргізуді сеніп тапсырады. Сенімхат 2001 ж. 20 шілдеге дейін берілген.
. Автомобил жүргізуге сенімхат жеке адам тарапынан берілгенде дәл осылай толтырылады. Тек онда ұйымның атының орнына сенімхат беруші адамның тегі көрсстіледі.
СӨЗДІК менің атымнан - от моего имени өкілетті етемін - уполномачиваю қажетті құжаттар - необходимое документы менің орныма қол қою - расписаться за меня дейін өз күшінде - действительно по… нотариалдық кеңсе - нотариальная контора жеке тұлға - личность сенім білдіруші - доверитель анықталды - установлен әрекетке қаблеттілік - дееспссобность тізбе - реестр тіркелген - зарегистрировано мемлекеттік салым - государственная пошлина |