<<< кері

№ 50 Абай атындағы қазақ орта мектебі бойынша 2006-2007 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы

 

Жас ұрпақ - келешектің тірегі

"Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті"

М. Жұмабаев.

Тәрбие бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан, оның өзіндік ерекшеліктері мен негізгі категроияларының  болуы заңды.
Тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер, және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана оң нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни, табиғат және әлеуметтік ортаның мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 


Тәрбие жүйесі белгілі біртұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым-қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратынт үрдіс.

 

 

  

 

Мектептің 2005-2006 жылға арналған тәрбие жоспары Қ.Р Ата заңы, Қ.Р «Білім туралы заңы», Қ.Р «Бала құқығы», Қ.Р «Білім беру» ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасына сәйкес жасалды.

  1. Азаматтық жауапкершілік және құқықтық тәрбие
  2. Имандылық, адамгершілік, ізгілік тәрбиесі
  3. Эстетикалық тәрбие
  4. Экологиялық тәрбие
  5. Дене тәрбиесі
  6. Еңбек тәрбиесі
  7. Ақыл-ой тәрбиесі

№50 Абай атындағы қазақ орта мектебінде 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы ясында біршама жұмыстар атқарылуда.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Атап  айтсақ: 1- қыркүйек  -Білім  күні  мектепте  “Сағындым  сыңғырыңды  күміс   қоңырау “атты   салтанатты   жиын  өткізілді.

1 сыныптардың сынып жетекшілері «Тілашарлар» мерекесін ұйымдасчтырып өткізді.
Мектеп бойынша Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған сыныптар мен жекелеген оқушылар мектеп  әкімшілігінің мақтау қағазымен марапатталды.
Мектепте 23 кыркүйек пен 1 қазан аралығында  «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында тәрбиелік іс – шаралар өткізілді.
Апталық барысында: «Ұстазым өзіңменен мақтанамыз» тақырыбында 3 -11  сыныптар аралығында  мерекелік құттықтаулар, қабырға газеттерін шығару байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша: 5 Ә,В, 6 Б, 7 Б,В, 8 Б,Г, 9 Б, 10 А, 11 А,Б,В сыныптарының  шығарған мерекелік қабырға газеттері өте жақсы бағаланып, сыныптар жүлделі І орынға ие болды.
Тәлімгер Ж.Құдайбергенованың ұйым-дастыруымен  «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдеріне мерекелік әдеби музыкалық  құттықтаулар мен концерттік бағдарламалар өткізілді.
«Болашақ» ұйымының ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға көмек ұйымдастырылды. Мектеп бойынша 5 – 9  сынып оқушылары мен сынып жетекшілері 22  ардагер ұстаздарға Жан – жақты көмек көрсетті. 5 А сынып жетекшісі А.Тұрлыханова «Ұстазым – алтын діңгегім», 7 В сынып жетекшісі Г.Әбдікамалова «Ұстазым – ұлы тұлғам», 2В сынып жетекшісі Н.Сәденова «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» тақырыптарында сыныптан тыс шаралар өткізді.
Әуез пәні мұғалімі Б.Алдабергенов «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбында ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдеріне концерттік бағдарлама көрсетті.
Қазан айында 8 -11 сыныптар аралығында «Алтын күз» күзгі балл кеші өткізілді

 

 

 

 

 

 

Мектепте 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Қарттарым Аман – сау жүрші» тақырыбында апталық өткізілді.  «қамқорлық» бағдарламасы бойынша 5 – 9 сыныптар аралығында сыныптар мен сынып жетекшілер ардагер ұстаздар мен ауыл қарттары  үйіне Жан – жақты көмек көрсетті.
6 жасарлар пән мұғалімі М.Бедерова  «Қарты бар үй – қазына» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Мектеп әкімшілігі ардагер ұстаздарды мерекелік дастарханға шақырып, құрмет көрсетіп, ұландар ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Ұстазым – Ұлы тұлғам» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Аудандық білім бөлімі, Қызылорда облысының білім беру департаментінің 2006 жылғы 2 қазандағы № 4/2376, Қазақстан Респуликасы Білім және Ғылым министірлігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 1254/02-4-1 санды хаттарына сәйкес бірінші  Қазақстандық космонавт Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 15 жыл   толуына байланысты мектепте тәрбиелік іс – шаралар жоспары жасалып, көптеген жұмыстар жүргізілді.

Аудандық оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен «Балдырған – балдәурен» атты балалар шығармашылығының өнер фестиваліне Атабаев Ержан қатысып, І орынды иеленді.

     «Қош келдің, Жаңа жыл төрімізге» тақырыбында Жаңа жылды қарсы алуға байланысты көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді.
Атап айтсақ:    1-4 сыныптар арасында «Кел, Жаңа жыл» тақырыбында жаңа жылды қарсы алу мерекелік шарасы өткізілді.
5-7 сыныптар арасында «Қош келдің, жаңа жыл төрімізге» тақырыбында жаңа жылды қарсы алу мерекесі . Сыныпаралық сайыс түрінде өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша: 5ә,5б,6а,6г,7в,7б сыныптары жүлделі І орынды иеленіп, марапатталды.
8-11 сыныптар арасында жаңа жылды қарсы алу мерекесінде КТК сайысы өткізілді.
Сайыс қорытындысында:
8б сынып «8 ботқа» тобы.
8г сынып «Ауылға жастар ауылға» тобы.
9в сынып «Болашақ» тобы.
9б сынып «Ғұлығұлы» тобы.
10в сынып «Болашақ» тобы.
11в сынып «Балаби интернейшл»
Топтары жүлделі І орынды иеленді және топтардың өнерлері бейнетаспаға түсірілді.
Мұғалімдер үшін «Көгілдір от» жаңа жылды қарсы алу кеші өткізілді.
Мұғалім жастар арасында КТК сайысы өткізілді. Сайысқа 4 топ қатысты.
1. Бастауыш мұғалім жастардан құралған «ББА» тобы.
2.Политехникалық пәндер бірлестігі мұғалім жастардан құралған «Техмат»» тобы.

  1. Гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалім жастардан құралған «Ақша қар» тобы.
  2. Дене тәрбиесі пән бірлестігі мұғалім жастардан құралған «Оппа» топтары сайысқа түсіп, қорытындыда:

«Техмат», «ББА» топтары жүлделі І орынды
иеленді. Мектеп бойынша Аудан әкімінің шыршасына көпбалалы Жүсіпбековтер отбасынан шыққан Жүсіпбекова Маржан 6г сынып оқушысы қатыстырылды.
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің
ұйымдастыруымен өткізілген шыршаға мектеп мұғалім балаларынан 6 оқушы қатыстырылды.
Жаңа жыл мерекесі кезінде тәртіп сақталып, қауіпсіздік ережесін қадағалауда мектеп мұғалімдерінен құрылған кезекшілер жақсы дәрежеде жұмыс атқарды.
Тәуелсіздіктің 15 жылдық мерекесіне орай «Мақтанышым, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс – шаралар өткізілді.
Мектепте Тәуелсіздіктің 15 жылдық мерекесіне орай бастауыш сыныптар аралығында «Мақтанышым Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбында тәрбиелік шаралар өткізілді.
Атап айтсақ: Ахметова Г (3г) «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында сыныптан тыс  шара өткізді.
1 – 4 сыныптардың сынып жетекшілері «Тәуелсіздікке 15 жыл» тақырыбында  тәрбие сабақтарын және «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында ертеңгіліктер өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімдері Ж. Асанова  4 сыныптар аралығында мәнерлеп оқудан сайыс өткізді.
Қорытындыда:
І орын    Айдархан З    4а
Елібаева А     4в
ІІ орын   Қанадан Р      4в
Текетова Ж  4в
Қаратаева Г   4а
ІІІ орын  Сейтжапбарова К  4а
Әзілбекова Ұ         4б
Бейбарыс С            4б
Сурет пәні мұғалімдері А. Ербаева, Ж.Матаева 1-4 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.
Дене тәрбиесі мұғалімдері Уәлшеев Ғ, Әлімбаев А «Жарысқа шық, жас ұлан» тақырыбында  көңілді старттар өткізіп, нәтижесінде 4 сыныптар І орын иеленді.
Орыс тілі пән мұғалімдері «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында ертеңгілік өткізді.
5 - 11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында іс – шаралар өткізілді. Тарих пәні мұғалімдері  З.Ермұратова «Қазақстан Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында жиында баяндама оқып, О.Балтабаева «Тәуелсіздік шежіресі» ертеңгілік, Ж.Мәмбетәліиева «Тәуелсіздік қасиетті ұғым» тәрбие сағаттарын өткізді.
Тарих пәні мұғалімдері Әлімбетов Н, Әбиев Д кітап көрмесін, сөзжұмбақтар, ребустар шешуде көрмелер ұйымдастырп өткізді.
Тәуелсіздігімізге 15 жыл толуына байланысты қабырға газеттері байқауы өткізіліп, қорытындыда 5б, 6а, 7б, 7а, 11а, 9г, 9а, 10б, 8абв сыныптар жүлделі І орынды жеңіп алды. 5 – 11 сыныптардың сынып жетекшілері «Тәуелсіздікке 15 жыл» тақырыбында сыныптан тыс іс – шараларын өткізді. Сонымен қатар, З.Бекібаева (5ә) «Желтоқсан жаңғырығы», А.Әбдіразақова (7г) «Тәуелсіздік тірегім» тақырыптарында  сыныптан тыс жұмыстарын өткізді.  Тарих пәні мұғалімдері «Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес – елге тиген үлес» тақырыбында конференция және «Мақтанышым айбарым, Желбіре көк байрағым» тақырыбында тарихи танымдық сыныптан тыс шара өткізді.
Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының 20 жылдық мерекесіне байланысты тарих пәні мұғалімдері «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында тарихи танымдық сахналық қойылым және қазақ тілі пән мұғалімдері «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» тақырыбында сахналық қойылым өткізді.
Болашақ өзін - өзі басқару ұйымы Тәуелсіздікке 15 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізіп 4 сыныптардың үздік оқушыларын Ұландар қатарына қабылдады.
Сурет пәні мұғалімі Р.Рахметова «Менің елім – менің тірегім» атты оқушылар шығармашылығында сурет көрмесін өткізді.
Қорытындыда жүлделі
І орын        Шатланбек Ұ         5а,
ІІ орын       Жарқынбек Ж        6б,
Нұрланова Н          6б,
Аманжолов Р          5ә,
ІІІ орын      Әшімхан А             5а,
Берденов Н            6в
орындарға ие болды.
Аудандық спорт комитетінің ұйымдастыруымен қазақша күрестен жарыс өткізілді.
Жарыста мектеп оқушылары Арғынбаев Б 11а І орын, Спабеков М 9г ІІ орын, Әбдікамалов Т 10б І орын, Балабеков Ғ 7в ІІІ орын, Балабекұлы А 4а ІІ орындарды иеленді.
Жалпы аудан бойынша мектеп ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық біріншілікте Сардарбеков Жандос 10в ІІ орынды жеңіп алды.
Мектепте Тәуелсіздік құрдасы 9г сынып оқушысы Шілімбетов Нұрсұлтан мерекелік жиында марапатталып, сыйлыққа ие болды.
Мектеп бойынша Тәуелсіздіктің 15 жылдығына байланысты өткізілген тәрбие жұмыстары қорытынды жасалып, тәрбиелік іс – шараларда жүлделі орын алған сыныптар мен сынып жетекшілер жұмыстары жоғары бағаланып, марапатталды.
Қорыта келгенде айтарым:
Мектептің оқу – тәрбие жұмысын алға бастаудың – алғы шарты – жұмысты сауатты әрі жүйелі жоспарлау және жүйелі еңбек қашанда нәтижелі болмақ. Сондықтан, әрбір тәрбие жұмысымызда жүйелі, үзіліссіз еңбек етсек, егеменді еліміздің болашағын тәрбиелеуде мол жетістіктерге жетеріміз даусыз.

Дені сау ұрпақ – ел келешегі
« Дертке шалдыққанша,
денсаулықтың қадірін ешкім
                                                      де білмейді»
Т.Фуллер

Кіріспе

            Бүгінгі таңда ЖҚТБ ауруы дүниежүзілік ауқымдағы күрделі де ауыр проблемаға айналып отыр. Адамзатты алаңдатқан кесапаттың Қазақстанда жылдан жылға өршуі үлкен қауіп туғызуда.
«Халқың сырқат болса,
Қабырғаң сөгіледі» - деп ата – бабаларымыздың айтып кеткен сөзі ащы шындыққа айналғандай.ЖҚТБ көп бақытсыздық әкелетін қатерлі, жазылмайтын ауру. Ол жер шарын біртіндеп жаулап келе жатқан індет. Оған бүкіл дүние көмектесе алмайды. Себебі ЖҚТБ вирусы басқа вирустардан 50 есе кіші және де олар тез көбейеді. ЖҚТБ – адамның жаны мен тәнін ғана зардап шектіріп қоймай, өсіп - өніп келе жатқан ұл мен қызға екі есе қасірет шектіреді.
Жер жүзінде әр он секунд сайын бір адам ЖҚТБ – дан қайтыс болады, ал 40 млн астам адам осы ауруға шалдығып, өмір сүріп жүр. Әр жыл сайын 3 млн. Адам көз жұмса, 5 млн. Адам жаңадан ВИЧ инфекциясын жұқтырады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәрбие тұжырымдамасы» мен ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді бағдарламасы және жас жеткіншектер арасында тәрбие жұмыстарын нақты ұйымдастыруға Қ.Р Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі ЖҚТБ\АҚТҚ – ның індетіне қарсы іс - әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мақсатында мектепте  «ЖҚТБ проблемасы және профилактикасы» жөнінде оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ – ға тақырыбында апталық өткізілді.Апталық 27 қараша 2 желтоқсан аралығында өткізілді.
Апталық барысында:
5Б сынып жетекшісі Жамантаева Ж «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді.
Дене тәрбиесі мұғалімдері Уәлшеев Ғалымжан мен Әлімбаев Асхат пен «Біз салауаттылықты қолдаймыз» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында
Көңілді старттар өткізіліп, 4 сыныптар жеңіске жетті.
Мектеп аяжандары Рсаева Б, Аманқұлова М «ЖҚТБ – ның алдын алу» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері 8-10 сынып оқушыларынан «СПИД деген не?» тақырыбында диктанттар алып, қорытынды жасады.
Аудандық суреттер байқауында 5б сынып оқушысы Жұбатхан «СПИД деген не ?» тақырыбында плакаты ІІІ орын алып, марапатталды.
Валелогия пән мұғалімі Жанқошева Р 8-11 сыныптардан «ЖҚТБ – ның алдын – алу мәселелері» тақырыбында тест жұмысын алып, қорытындылады.
Салауаттану пән мұғалімдері  «ЖҚТБ мен зақымдану және алдын алу жолдары» тақырыбында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар өткізді.
Дене тәрбиесі пән мұғалідері Мырзахметов Арыстан мен Назарбеков Қабланбектің ұйымдастыруымен гир тасын көтеру, білек күшін сынаудан 9-10-11 сыныптардың ұлдар арасында жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысында:
Білек күшін сынасу сайысында І орын Әлиакбаров Ж 11в
ІІ орын Сейдахметов Ж 9а
ІІІ орын Ахметов Ғ 10а
Гир тасын көтеру сайысында
І орын Жүсіпов А 11в
ІІ орын Есқараев О 10в
Ауданда өткізілген «1 Желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ – ға» қарсы  күрес күніне байланысты өткізілген дөңгелек столға 11б сынып оқушысы  Балтабаева Бану қатысты.
Сонымен қатар, «1 Желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ – ға» қарсы күрес күніне орай 30 қараша күні 5-11 сыныптар арасында 1-ші сабақтың 10-15 минутын ЖҚТБ проблемасына арнап сынып жетекшілер сабақ өткізді.
Ауданда өткізілген «1 Желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ – ға» қарсы  күрес күніне байланысты өткізілген дөңгелек столға 11б сынып оқушысы  Балтабаева Бану қатысты.
1 Желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ мен күрес күні мектепте оқушылар арасында жиын ұйымдастырылып, байқаулардың жеңімпаздары, іс – шараларға белсене араласқан оқушылар мен сыныптар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталып, қорытындыланды.

11сынып оқушыларынан  «ЖҚТБ – ғасыр індеті», «ЖҚТБ – ғасыр обасы», «ЖҚТБ – ның Қазақстандағы жағдайы» тақырыбында шығарма жұмыстары алынып, қорытындыланды. «ЖҚТБ және есірткі» тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында қабырға газеттері байқауы өткізілді.


 

 

Қорыта айтқанда: Бағдарламаның мақсаты: ЖҚТБ\АҚТҚ Қ.Р таралу қарқынын төмендету


Бағдарламаның міндеттері:

  1. Ақпаратты қамтамасыз етумен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және алдын – алу жайлы хабардар ету.
  2. Халықтың қауіпсіз инвекциялық және жыныстық іс - әрекеттерге байланысты білімі мен тәрбиесін қалыптастыру.

Мектептің келешектегі мақсаты: ЖҚТБ ның таралуының алдын – алу үшін жасөспірімдер мен жастарды ауру жайында ақпаратпен қамтамасыз ету олардың салауатты өмір салтын ұстануға білім арқылы көздерін жеткізіп, қауіпсіз өмір сүруіне ықпал ету.


Мелекеттік нышандар – елдігіміздің белгісі
Кіріспе


Жаңа негізгі қаланған жас мемлекеттердің қай қайсысының да алғашқы жасайтын ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын жасау. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер -  белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман – аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.
Елжанды, отаншыл, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде мемлекетіміздің рәміздерін өз дәрежесінде насихаттаудың маңызы зор.
Мектепте әр аптаның дүйсенбі күнінде бірінші сабақты әнұранмен бастау дәстүрге айналды.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандармен мемлекеттік туы мектеп директорының бөлмесінде оң қанатта орналасқан.

Сонымен қатар, Әнұранды орындайтын мектепте 40 оқушыдан жасақталған оқушылар хор ұжымы бар және аудио жазба таспалар да дайындалған.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нышандарын насихаттау және ілгерілету мақсатында 1-11 сыныптар аралаығында сыныптан тыс шаралар өткізілді.
  2. «Туған жер берерім көп менің саған» тақырыбында аудандық музыка мектебінің мұғалімі Мұсабаева Әнипаның шығармашылық есеп беру ән кеші өткізілді.

- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын насихаттау ілгерілету» мақсатында өткізілген «Әнұраны елімнің жүрегімде» атты ән байқауында ІІІ дәрежелі орынды мектептің хор ұжымы жеңіп алды.
Оқушылардан құрылған хор ұжымы Аудандық білім бөлімінің және Аудан әкімінің мақтау қағазымен, сыйлықпен марапатталды.  Осы бағытта 6б сыныптың сынып жетекшісі Молдабаева Нүрила


«Менің елімнің рәміздері» тақырыбында тәрбие сабағын өткізді. Мектепте 25 қазан Республика күніне байланысты « Көркем, гүлден, сүйікті – Қазақстаным» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында Әбуова А 1в «Туған елім – жүрегім», Ембергенова Р 8а «Менің Отаным – Қазақстан», Жанаева Ү 3а «Отан отбасынан басталады» тақырыптарында тәрбие сабақтарын өткізді. Тарих пәні мұғалімі Балтабаева О «Жасай бер, жаса, Қазағым менің» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімдері Оразымбетова С, А.Оразовалардың ұйымдастыруымен Қазақстан туған өлкем, табиғаттың қандай көркем» тақырыбында ертеңгіліктер өткізді. 5-7 сыныптар арасында Аяқ доптан мектеп біріншілігі өткізілді.


 

 

Сурет пәні мұғалімі Р.Рахметова және Ербаева А, Матаевалардың ұйымдастыруымен «Барлық ұлттың балаларының Отаны – Қазақстан», «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыптарында сурет көрмесін өткізіп, қорытынды жасады. Мектеп тәлімгері Құдайбергенова Ж « Тұғыры биік туған ел» тақырыбында қабырға газеттері байқауын өткізді. Қорытындыда 5б, 6а,7в сыныптары І орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес халықтың неғұрлым әлжуаз топтарына қолдау көрсету мақсатында «Менің елім –
менің тірегім» атты қайырымдылық акциясына байланысты мектептегі әлеуметтік тұрмысы төмен, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер, сыныптар көмек көрсетті.
Жалпы қайырымдылық қорына 5500 теңге аударылып, көрсетілген суммаға 2500 теңгеге спорттық киім, 3000 теңгеге оқу құралдары алынды.
Мектепте 1-11 сыныптар аралығында «Менің елім – менің тірегім» атты қайырымдылық акциясы болып өткізілді.
Акция барысында:  
Бастауыш сыныптар бойынша сынып жетекшілер 15 оқушыға қайрымдылық көрсетті. Атап айтсақ, 157 оқушыға 15 киім (6450-00т), 2 оқушыға аяқ киім (1500-00т) таратылды. 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері 26 оқушыға қайырымдылық көрсетті
Атап айтсақ:
15 оқушыға киім (18800-00т),   10 оқушыға оқу құралдары (5000-00т), 1 оқушыға аяқ киім (1500-00т) таратылды.
Барлығы мектеп бойынша 40 сынып жетекші 413 тұрмысы төмен, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Барлығы: 30 оқушыға киім (25250- 00т).3 оқушыға аяқ киім (3000-00 т). 00т) таратылды.

 

Р/с

Оқушының аты – жөні

Сыныбы

Отбасы туралы мәлімет

Алған заты

Суммасы

Қолы

1

Жүрімбаева А.

Жартылай жетім

Оқу құралдары

300-00

 

2

Өмірзаққызы Ақбота.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

3

Полатова Аймереке.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

4

Әбілдаев Н.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

5

Керімбайқызы Шынар.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

6

Кенжеғұлов Құдайберген.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

7

Кенжебайқызы Ұлбосын.

Көп балалы отбасы

Оқу құралдары

300-00

 

8

Құдайназар Жанат

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

9

Нұрлыбеков Жансейіт.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

10

Серікбай Ақбота.

Тұрмысы ауыр

Оқу құралдары

300-00

 

 

Қорыта айтқанда:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану жөніндегі жыл бойына жүргізілген тәрбиелік жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде одан әрі жалғасын таба бермек.                                                                                                                                                   

Қазақстан болашағы есірткісіз

Кіріспе

Әрбір адамның адами болмысының қалыптасуы өзінің еркінде екендігін кез-келген пенде мойындамайды. Әуелгі байлық – денсаулық деген қағиданы да есте сақтай бермейміз.
Өз бақытың - өз қолыңда дегендей-ақ, мектеп қабырғасынан бастап адамның жан-жақты қалыптасу жүйесінің негізі жасалады.
Бірақ, осынау қарапайым тұжырымның мән-мағынасына ой жүгіртпей, оған жаттанды тіркес ретінде қарап келіппіз.
Ал, өмір шындығына тура қарайтын болсақ, өз бақытымыздың, өз қолымызда екені рас.
Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» - деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып, байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды, біле білсеңдер ауру ханнан, дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт деген не, әрбір адам өзінің күш жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты, жан денсаулық зор болса ғана бақытты деген екен.
Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді. Бірақ... әрбір адам өз денсаулығын күте алады ма екен? жас өспірімдер, жастар, үлкендер арасында есірткіге тәуелділік, шылым шегу, арақ ішу, басқа да зиянды заттарды пайдалану неге көбеюде. Жоқ олар өз денсаулықтарына жауапсыз қарайды. Бүгінгі таңда психоактивті заттарды қолдану, дүниежүзілік қоғамдастық, қауымдастық, бірлестік алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Есірткіге тәуелділік соңғы жылдары елімізде әсіресе, жастар арасында кең етек алуда.  Әрбір есірткі шегетін жасөспірім 1 жыл ішінде кем дегенде айналасындағы 10 адамды есірткі тұтынуға дағдыланадырады.
Жасөспірімдер мен жастарды зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатында № 50 Абай атындағы орта мектепте  «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты 2006-2007 оқу жылына іс-шаралар жоспары жасалып, көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді.
«Біздің ұранымыз – салауатты өмір салты» тақырыбында денсаулық фестивалі өткізілді. 9,10,11 –сыныптар аралығында «Президенттік миль – денсаулыққа жол» тақырыбында акция өтізілді.
І орын Жүсіпов А, 11в, Қалдыбаева Э 11а,
ІІ орын Нарынбетов Е 10в, Бәкірова Ж 9г.
Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес керуенін өткізу мақсатында «Нашақорлық Қазақстанның болашағы үшін аса қауіпті» тақырыбында апталық өткізілді.  Апталық барасында: салауаттану пәнінің мұғалімі А.Аманқұлова, сурет пәні мұғалімі Р.Рахметованың  ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ!» , «Әлем нашақорлықсыз» тақырыптарында суреттер байқауы өткізілді. Қорытындыда; Тілеубаева Ұ 5б, Жұбатхан Ж 6б, Тәжібенов М 7г, І орынды иеленді. Қабырға газеттері байқауында 7б, 5в сыныптары І орынды иеленді. Сонымен қатар, «Есірткіге жол жоқ»  тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Кәрібаева Р 10а, Жамантаева Д 10б, Әлиакбарова Ұ 10в сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Темекі сән емес» тақырыбында конференция сабағын өткізді.
Мектеп психологтары 9,10,11 сыныптардан «Есірткі және балалар» тақырыбында тест жұмысын алып қорытынды жасады. Сонымен қатар, «Сіз балаңыздың зиянды заттарды қолдануына қалай қарайсыз?» тақырыбында ата-аналармен сауалнама жүргізіп, қорытынды жасады.
Дене тәрбиесі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында спорттық жарыстар өткізді.  «Алкоголь, темекі, нашаның адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында рефераттар байқауы өткізіліп, нәтижесінде Жұманазарова С 8б, Жолдасбекова Н 8в, Асанбекқызы Ж 8г, Жақсыбаева М 9а, Әбдікамалова Г 9а, Фазылова Г 9а, Балтабаева б 11б сынып оқушыларының рефераттары жоғары бағаланды.
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламасы бойынша «Алкоголь, темекі, нашаның адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында мектеп медбикесі Б.Рсаева ауыл медбикелерімен кездесу өткізді.  «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында спорттық жарыстар өткізілді. Мектепте жалпы ата-аналар жиналысында «Нашақорлық Қазақстанның болашағына қауіпті» тақырыбында ауыл дәріхана меңгерушісі Г.Сейділдаева  баяндама жасады.
Қазақ тілі пән бірлестігі мұғалімдері 2-7сыныптардан «Нашақорлық өте ауыр дерт» тақырыбында диктант жұмысын алып қорытындылады.
1-11 сыныптардың жетекшілері «Темекі шегудң алдын-алу» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Дене тәрбиесі пән бірлестігі «Біз салауаттылықты қолдаймыз!»  тақырыбында спорттық жарыстар өткізіп қорытынды жасады. Сонымен қатар, мектеп бойынша Наркологиялық індет тобы құрылып, жұмыс атқарылды. Жасөспірімдер арасында есірткі, ішімдік, темекі шегуге қарсы күрес жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары жасалынды.
7-10 сынып оқушыларынына «Салауатты бағытында», «Нашақорлықтың зияны», «Темекінің зияны» тақырыптарында сауалнамалар алынып, қорытынды жасалды.
Барлық өткізілген тәрбие жұмыстары мен мектепішілік іс-шараларға жоғары дәрежеде қатысқан сыныптар мен оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Қорыта айтқанда: «Нашақорлық пен наркрбизнеске қарсы қатаң күрес жүргізу мақсатында жұмысты жандандыру Есірткі - өте ерекше және түпке жететін сала. Сондықтан, бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның көмегімен қор болған тұтынушылардың ғұмыры тұр. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматының және оқушылардың жадына, зердесіне нашақорлықтың зиянын сіңіре отырып, денсаулық сақтау құндылықтарының саналы ұғына білуге тәрбиелеуіміз қажет»- деген екен.

Туберкулезбен күресу  әркімнің және баршаның ісі


Мектепте «Туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2006-2007 оқу жылына іс-шаралар жоспары жасалып, көптеген тәрбиелік шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Туберкулез жқұпалы ауру» тақырыбымен сурет пәнінің мұғалім Р.Рахметова көрме ұйымдастырды.
Сонымен қатар, тәлімгер Ж.Құдайбергенова және А.Аманқұлова «Туберуулез қауіпті дерт» тақырыбыда қабырға газеттері байқауын өткізді. Байқауда: 5ә, 5в, 9а, 9в, 10в, 11в сыныптары жүлделі І орынды иеленді.
Қазақ тілі пән мұғалімдері «Туберкулез қауіпті індет» тақырыбымен 3-7 сынып оқушылары аралығында мазмұндама, диктант жұмыстарын алды. Салауаттану пәні мұғалімдері З.Нұржігітова, Р.Жанқошева, Ә.Қалымбетова, А.Аманқұловалар «Туберкулез туралы не білеміз?», «Балаларды туберкулезден сақтайық» атты тақырыптар бойынша лекциялар, ашық сабақтар, рефераттар алып қорытындылады. Салауаттану пәнінің мұғалімдері «Балаларды туберкулезден сақтайық» тақырыбында сабақтар өткізді. Мектеп аяжаны Б.Рсаева ауылдық емхана дәрігері Г.Сейділдаевамен кездесу өткізді.
5б сынып жетекшісі Ж.Жамантаева «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбымен тәрбие сабағын өткізді. Дене тәрбиесі пән мұғалімдері «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбымен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып өткізді.
2-11 сынып оқушыларынан оқушыларынан қазақ тілі пәні мұғалімдері «Туберкулез жұқпалы ауру» тақырыбында диктант жұмыстарын алып қорытынды жасады. Сонымен қатар, мектепте тазалық күндерін ұйымдастыру жолға қойылған.
Дене тәрбиесі пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Спорт денсаулық кепілі» тақырыбында спортттық жарыстар өткізді. «Жарысқа шық, Жас Ұлан»  тақырыбында көңілді старттар өткізіліп, қорытындыда 4-сыныпар жүлделі орындар алды.  Туберкулездің алдын алу мақсатында мектеп тазалығын күшейту, қайнаған сумен қамтамасыз ету, қол жуғышты реттеу, қадағаланып отырады және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету кезіндегі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы жүйелі қадағаланады.
Сонымен қатар, «Туберкулез қауіпті дерт» тақырыбында апталық өткізілді. 5-11 сыныптар аралығында салауаттану пән мұғалімі А.Аманқұлова, тәлімгер Ж.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен плакаттар байқауы өткізілді. Байқау қорытындысында 8в, 8г, 11б, 9в сыныптарының плакаттары І орын иеленді. 
Қазақ тілі пән мұғалімдері 2-11 сынып оқушыларынынан «Туберкулез қауіпті дерт» тақырыбында диктанттарл алып қорытынды жасады.  Салауаттану пәнінің мұғалімі Р.Жанқошева «Жастар туберкулезге қарсы» тақырыбынде дөңгелек стол өткізді. Нәтижесінде  Әбенова Б 10а, Жұбанова Ж 10б,  Даниярова А 11а, Балтабаева Б 11б тақырыпты өте жақсы қорғап өз пікірі білдірді.
Дене тәрбиесі пән бірлестігі 8-9 сыныптар аралығында «Біз туберкулезге қарсымыз» тақырыбында баскетболдан жарыс ұйымдастырды.  Нәтижесінде 9в сыныбының қыздар, 9б сыныбының ұлдар командасы І орын иеленді.  Мектеп аяжаны Б.Рсаева  «Туберкулез ауруынан сақтанайық» тақырыбында оқушылар мен мұғалімдерге лекция оқыды. Сонымен қатар,  санбюллетеньдер мен стенттер шығарды. Бастауыш сыныптар бойынша салауаттану пәнінің мұғалімі Ә.Қалымбетова «Туберкулез ауруынан сақтанайық» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.
Барлық өткізілген тәрбие жұмыстары мен мектепішілік іс-шараларға жоғары дәрежеде қатысқан сыныптар мен оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Қорыта айтқанда:  салауатты өмір салтын ұстану, өз болашағымызды биікке көтерудің ең басты құралы екенін мойындап, сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуы керек. Себебі: ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ. ХХІ ғасыр адамы дені сау, рухы күшті жан дүниесі таза адам болуы шарт.
Өткен оқу жылында тәрбие жұмыстары бойынша көптеген жетістіктермен қатар кемшіліктерге де жол берілді.

    • Тәрбие барысында сынып жетекшілердің оқушыларға дұрыс талап қоймауы.
    • Сынып белсенділерінің өзін-өзі басқару жұмыстарына басшылықтың нашарлығы.
    • Ата-аналармен жұмыстың, байланыстың нашарлығы.
    • Сынып жетекшілердің тәрбие сабақтарын өткізудеге жүйесіздігі.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<<< кері

Hosted by uCoz