<<< кері

№ 50 Абай атындағы қазақ орта мектебі бойынша 2005-2006 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы

 

Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған  сай мінез-құлқын қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 


Бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы ұрпақ болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаздың мақсаты жан-жақты жетілген толыққанды азамат тәрбиелеу. Осы бағытта мектептің тәрбие жүйесі құрылып, тәрбие орталығы жоспарлы түрде жұмыс жасады.

 

 

  

 

Мектептің 2005-2006 жылға арналған тәрбие жоспары Қ.Р Ата заңы, Қ.Р «Білім туралы заңы», Қ.Р «Бала құқығы», Қ.Р «Білім беру» ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасына сәйкес жасалды.

  1. Азаматтық жауапкершілік және құқықтық тәрбие
  2. Имандылық, адамгершілік, ізгілік тәрбиесі
  3. Эстетикалық тәрбие
  4. Экологиялық тәрбие
  5. Дене тәрбиесі
  6. Еңбек тәрбиесі

Осы бағытта №50 Абай атындағы қазақ орта мектебінің тәрбие орталығының біршама жұмыстарын атап өтуге болады.

            Атап айтсақ 1 қыркүйек – Білім күні мектепте «Сағындым сыңғырыңды күміс қоңырау тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан 2 оқушыға 5000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілді. Сонымен қатар «1-ші рет 1-ші сыныпқа тақырыбында акция өткізіліп, 47 оқушыға 2350 теңге көлемінде оқу құралдары тапсырылды.

Қ.Р.Конститутциясының 10 жылдығына байланысты тәрбие сабақтары өтіліп, апталық спорттық жарыстармен қорытындыланды.

Қыркүйек айының 19-24 аралығында «Тілім менің таусылмайтын қазынам» атты тіл мерекесі апталығы өтілді. 1 қазан – қарттар күніне байланысты «Қариясы бар елдің, қазынасы бар» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды (Кәсіподақ ұйымы).

Ұстаздар күніне байланысты 7 сынып оқушылары «Ұстаздан кім бар ардақты» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырды (Асанова Ұ).

25 қазан – Республика күніне байланысты 3-4 сыныптарда «Патриоттық әндер байқауы» (Мұстаев Ә), 4 сыныптар арасында «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс (Досова А), «Мен елімді сүйемін ! « тақырыбында шығарма жұмысы алынса, 5-11 сыныптар арасында «Тұғыры биік туған ел» тақырыбындатәрбие сабақтары өтілді. Мысалы: «Республикам менің» ( Төлендиева Г), «Жасай бер, жаса қазағым менің» (Әбдіразақова А). Сонымен қатар «Атамекен ұйымының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында бейбітшілік апталығы өткізіліп, қорытыланды. «Жастар Одағы» ұйымының ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында «Күзгі бал» мерекесі өтілді.

Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға байланысты іс – шара жоспары жасалып,  төмендегідей жұмыстар атқарылды. «Жаңашыл жастар және Жаңа жыл» тақырыбында жас мұғалімдер сайысы өткізілсе, оқушылар арасында ертеңгіліктер, балмаскарад, Жаңа жылдық карнавалдар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мектепте қысқы демалыста өткізілетін іс – шаралар жоспары жасалып, жұмыстар атқарылды. Мысалы: «Қыс нақыштары» тақырыбында мектепішілік суретшілер сайысы, «Қыс кереметі» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. 3-4 сынып оқушылары көңілді старттар ойындарына қатысса 9-11 сынып оқушылары баскетбол ойнынынан, 5-7 сынып оқушылары шахмат, дойбы, стол теннисінен жарыстарға қатысты.

Мектепте құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жылдық іс – шаралар жоспары жасалып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, әр айдың 2 аптасының жұма күндері құқықты насихаттау және құқық бұзушылықтан сақтандыру күні деп белгіленіп, осы күндері «Адам құқығы – демократия негізі», «Адам құқығы мен еркіндіктері», «Құқықтық тәрбие тәртіп кепілі, «қылмыстың жастар арасында көбейю себебі» тақырыптарында лекциялар оқылды.

Жыл басында оқушылар өздерінің құқықтарымен және мектептегі бірыңғай талаптармен таныстырылды «Мен қоғам үшін құндымын ба ?» (Молдабаева Г), «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» (Жамантаева Д) тақырыбында тәрбие сабақтары өтілсе, 8-11 сынып оқушыларымен ауылдың аймақтық инспекторы Өмірбеков Дәуренмен «Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылыққа байланысты 11 сыныпта, 10 сыныпта, 9 сыныптарда сынып жиналысы өтіліп, тәртіп бұзған оқушыларға шара көрілді.Мектеп бойынша бір оқушы Жұмаділов Азамат аудандық ішкі істер бөлімінің КТІЖБ – ның есебінде тұрады. Ол мектеп жанындағы интернатта жатып оқып жүр. Азамат 8 г сыныбында оқиды, қоғамдық жетекшісі бар, ол интернат тәрбиешісі Өтеулиева Гүлсім. Азамат өнерлі, ән айтады, суретті жақсы салады, сабақ үлгерімі, тәртібі жақсы. Мектепішілік, сынып аралық іс –шараларға белсенді араласады, көркем өнерпаздар үйірмесіне тартылған.

Сонымен қатар түнгі рейд графигі жасалып, кезекшілік атқарылуда.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жұмыстарға тоқталсақ. «Нашақорлық - өте ауыр дерт» тақырыбында 5-7 сыныптарда сынақ хат алынса, 9-11 сыныптарда «Тәні саудың жаны сау» тақырыбында шығарма жұмыстары алынды.

«Есірткі және балалар» тақырыбында ата – аналардан тест жұмыстары алынды.

Ауылдың аймақтық инспекторы Ж. Шәймерденов ата – аналар жиналысында «Есірткінің адам ағазасына әсері және қылмыс» тақырыбында хабарлама жасады.

Мектепте «Біз есірткіміз әлем үшін», ХХІ ғасырға салауатты өмір салтымен» тақырыптарында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Мектепте наркологиялық пост құрылып, жұмыс атқаруда (жетекшісі: тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Р. Жанқошева)

Наркологиялық пост жұмыстарының айлық жоспары жасалып, оқушылар арасында жұмыстар атқарылды. Мысалы: «Өмір сүр, басқаның өмір сүруіне көмектес» тақырыбында пікірталас, «Наркотиннің адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының арасындағы дөңгелек стол өткізілді.

АҚТҚ/ЖҚТБ – ға қарсы күрес бағдарламасын орындау мақсатында жылдық іс – шаралар жоспары жасалып жұмыстар атқарылуда. 22 қараша – 1 желтоқсан аралығында  «ЖҚТБ – ғасыр обасы» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында: Қазақ тілі пән бірлестігі мұғалімдері 5-9 сыныптар арасында «ЖҚТБ – ғасыр індеті», 10-11 сыныптар бойынша «ЖҚТБ- аса қауіпті кесел» тақырыптарында сынақ хаттар және шығарма жұмыстары алынды.

Валелогия пәнінің мұғалімі Р. Жанқошева 5-11 оқушылары мен мұғалімдердің білім деңгейін байқау мақсатында тест жұмыстарын алып қорытынды жасады.

Дене тәрбиесі пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты – жан сұлулығы, рух тазалығы» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында волейбол ойынынан жарыстар өткізілді. Жарыс қорытындысында10 в ұлдар командасы, 11в қыздар командасы 1 орынды иеленді.

Валелогия пән мұғалімі А. Аманқұлова, сурет пәні мұғалімі Р. Рахметова, тәлімгер Ж: Құдайбергеновалардың ұйымдастыруымен «ЖҚТБ –ға қарсы күрес» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет көрмесі, 5-11 сыныптар арасында санбюллетендер, қабырға газеттері байқауы өткізіліп, қорытыланды.

Оқушылар арасында «ЖҚТБ – ның алдын алу тақырыбында лекция оқылды. Сынып жетекшілері Л. Уәділова «Өмір қымбатсың маған» конференция сабағын, А. Әлтаева «Бәрі де махаббаттан басталады» пікірталас өткізді.

Мектепте діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 3 бап, 2 тармағына сүйене отырып іс – шаралар жасалып, оның орындалуы қадағаланып отырды. Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ауыл мешітінің имамы Н. Молдабаевпен мектеп тығыз байланыста. 10-11 сынып оқушылары арасында өткізілген кездесудің тәрбиелік маңызы үлкен болды. Сонымен қатар «Сенім, білім, өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Жұматаев Айдын және Ешмұратов Алматпен өткізілген «Діни экстремистік ағымдарының алдын алу шаралары» тақырыбындағы кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Сынып жетекшілер Б. Қойшыбаева «Ақ бата», Д. Жамантаева «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» тақырыптарымен өткізілген тәрбие сағаттарының тәрбиелік маңызы зор болды.

Туберкулезге қарсы күрес бағдарламасына байланысты мектептің 9-11 сынып оқушылары Рентген аппаратына түсіріліп, денсаулықтары тексерілді. Мектептің барлық мұғалімдері туберкулез және басқа да ауруларды шәкірттерге жұқтырмау үшін оқу жылының басында медециналық тексерілуден өтті. «Туберкулездің алдын лау шаралары» тақырыбында стенді, санбюллтендер шығарылды. «Туберкулез – қауіпті дерт» , «Туберкулез – жұқпалы ауру» тақырыптарында оқушылар арасында сынақ хаттар алынды.

Туберкулез, сары ауру, сарып ауруларының алдын алу мақсатында мектептің аяжандары Рсаева Б, Тұңғышбаева Ш, Аманқұлова Меруерттер күн сайын мектеп оқушыларын тексеруден өткізіп, осы аурулардан сақтану жолдары туралы мағлұматтар беруде. Сонымен қатар, сыныптарда осы аурулар туралы үнпарақтар таратылып және санбюллтендер шығарылды.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты «Тәуелсіз елің тірегің» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында тарих пәнінің мұғалімі Р. Ахетов «Ар – намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» тақырыбымен оқушылар арасында баяндама оқыды. Тәуелсіздік күніне байланысты «Көк байрақ көтерген 14 жыл» тақырыбымен атамекен балалар ұйымына 4 сынып оқушыларын мүше етіп қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.

Сонымен қатар сынып жетекшілер К. Сейтжапбарова «Тәуелсіздік толғауың» Г. Төлендиева, Г. Әбдікамалова «Мен қазақтың ұланы», Г. Ахметова «Тәуелсіздік аңсап күткен елдігіміз», Р. Ахмедова «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өтті. Әуез пәнінің ұйымдастыруымен «Патриоттық әндер» байқауы өткізілді. Атамекен балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Менің бағытым, менің бақытым» атты көрме өткізілді. Мектеп кітапханашысы Ш. Қилыбаеваның ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан сайыс өткізіліп, қорытыдыланды.

Сонымен қатар, дене тәрбиесі пән мұғалімдері 8-11 сынып оқушылары арасында шахмат, теннис, тоғызқұмалақ ойындарынан  жарыс өткізілді. Апталықта оқушылар арасында өткізілген байқау жеңімпаздары, іс- шараларда жүлделі орын алған сыныптар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталып, қорытындыланды.

Мектепте Қазақстан Республикасының нышандарын насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында стенді жасалған. Мемлекеттік рәміздерге мектептің көрнекті жерлерінде орын берілген.

Тарих және Алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде Қ.Р.Мемлекеттік нышандары тақтаның сол жағына орналасиырылған.

Мектепте Мемлекеттік мерекелерге арналған іс – шараларды өткізу негізінде (25 қазан Республика күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні) Қ. Р Мемлекеттік нышандарын қолдану жолға қойылған.

Мектепте қаңтар айының 15 мен Ақпан айының 15 аралығы қайырымдылық айлығы болып жарияланды. Айлық барысында сынып жетекшілер мен мұғалімдер тұрмысы төмен отбасынан шыққан 41 оқушыға 29625 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілді. Мектепте мектепішілік тәрбиелік іс – шаралар өткізілді. 5-9 сынып ербалалар арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт сұлтандары – 2006» байқауы, «Өз денсаулығың - өз қолыңда» тақырыбында акция өткізілді. Сонымен қатар, аудандық іс – шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатыстырылды.

Атап айтсақ, Аудандық білім бөліммен білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының ұйымдастыруымен «Наурыз шапағаты – 2006» өнер фестивалі өткізілді. Фестивалде мектептің хор ұжымы, «Шығыс» биі қыздар тобы, Ерлер вокальді тобы, Дуэт орындаушылар аудандық білім бөлімі, Білім қызметкерлері кәсіподағының дипломымен марапатталды. Сонымен қатар хор ұжымы Облыстық «Наурыз шапағаты» өнер фестиваліне қатысып дипломмен марапатталды және хорға қатысқан 66 мұғалімге Облыстық білім беру департаментінің дипломы берілді. «Наурыз жыл басы бізді алға бастасын», «Өнерден - өркениетке» тақырыбымен аудандық іс – шараға мұғалімдер мен оқушылар қатыстырылды. Нәтижесінде, «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында жас суретшілер байқауына Ж. Жұбатқанов қатысып аудандық алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Р. Рахметова

Өнер фестивалінде оқушылардың хор ұжымы, Тасанова Ү, Атабаев Ержандар аудандық дипломмен марапатталды және мектеп ұжымы мақтау қағазымен марапатталды.

«Күлкі бағдарламасы» бойынша аудандық байқауға Жұбатқанов Жарқынбек қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Мектепте 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Көркейту – көгалдандыру» акциясы өтілді. Акциясы барысында «Ең таза бөлме» байқауы өтілді, қорытындыда №11 кабинет, №12 кабинет, №13 кабинет, №14 кабинет, №7 кабинеттер, бастауыш сыныптарда Сарманқұлова Ш, Әбуова Айналардың кабинеттері жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, мамыр айында «Патриот» атты әскери патриоттық айлық және Жеңіс күні мерекесі атап өтілді.

Мектеп бойынша өткізілген іс – шаралар, байқауларда жүлделі орын алған сыныптар мен жеке оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.

 

<<< кері
Hosted by uCoz